қазақша · русский · english
   
  Главная / Новости
10.06.2019

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың білім сапасын ESG талаптарымен қамтамасыз ету

 

2019 жылдың 10 маусымында Абай атындағы ҚазҰПУ-да Жазғы мектеп өз жұмысын бастады. Оның аясында «ESG стандарт талаптарымен салыстырғандағы Абай атындағы ҚазҰПУ-нің білім сапасын қамтамасыз ету» алғашқы семинары өтті. Жазғы мектептің жұмысын университет ректоры Такир Балықбаев ашты.

 

Семинарға институт директорлары, кафедра меңгерушілері және профессор -оқытушылар құрамы қатысты.

 

Негізгі баяндаманы Даму стратегиясы мен сапаны сараптау департаменті директорының орынбасары Темірхан Тасболатов жасады. Ол ESG құрылымы, мақсаттары мен анықтамалары, ESG сапасын қамтамасыз ету қағидаттары, оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, аттестациялау, студенттерге бағытталған білім беру, оқыту және бағалау, ESG бойынша ұсынымдар туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 

Сондай-ақ, ESG еуропалық, ұлттық және институционалдық деңгейлерде сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің ортақ негізін анықтайтындығы, Еуропалық жоғары білім кеңістігі (EЖБК) жүйесін сапалы қамтамасыз ету туралы ақпарат беретіндігі және EЖБК-де білім беру сапасын қамтамасыз етуге және жақсартуға ықпал ететіндігі аталып өтілді.

 

Семинар барысында бірінші проректор Мақтағали Бектемесов пен оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев білім беру сапасын қамтамасыз ету мәселесі бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

 

Анықтама 

 

   

 

   

 


Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім



200

Вернуться назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler