қазақша · русский · english
 
 
  Главная / Новости
07.03.2019

 

Құрметті ханымдар, қыздар, қымбатты әріптестер!

 

Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

 

Көгілдір көктемнің гүліндей құлпырған Сіздер отбасында да, кәсіби этика мен қызметте де баршамызға үлгі болатындарыңызды мақтан тұтамыз, кәсіби педагог мамандығына адалдықтарыңызды жоғары бағалаймыз!

 

Біздің қоғамымызға ең қажетті қасиеттер - ұжымды қолдау, өзара құрмет, сүйіспеншілік және үйлесімділік ортасын қалыптастырғандарыңыз үшін Сіздерді мақтан тұтамыз.

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің дамуына қосқан зор үлестеріңіз, жұмысқа деген ынта-ықыластарыңыз, ғылыми-педагогикалық қызметтегі жоғары жетістіктеріңіз, оқу және шығармашылық саласындағы қабілеттеріңіз бен елеулі еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз.

 

Сіздерге зор денсаулық баянды бақыт, сәттілік, береке-бірлік, жақсылық және еңбек жолында табыс тілеймін!

 

 

Құрметпен,

Ректор Такир Балықбаев


 



155

Вернуться назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler