қазақша · русский · english
   
  Главная / Новости
04.02.2019

«Жобалық start» - белсенді жастардың қозғаушы күші


  

 

Жастар жылына орай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде алғаш рет Алматы қаласы бойынша 31 қаңтар - 1 ақпан аралығында «Жобалық Start» тақырыбында жастардың креативті жобалары мен идеялары байқауы өткізілді.


Байқаудың негізгі мақсаты - ЖОО-ның жастары арасында байланысты дамытып, өзара тәжірибе алмасу.


«Жобалық Start» байқауында жас талантты студенттер «әлеуметтік», «IT», «ғылым», «startup» бағыттары бойынша тың жобаларымен және қызықты идеяларымен бөлісті. Байқауға Алматы қаласының 12 жоғары оқу орнының өкілдері қатысты, олар: Satbayev University, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық универсететі, Алматы технологиялық университеті, Тұран университеті, Халықаралық бизнес университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы, Алматы энергетика және байланыс университеті, Қазақ-Британ техникалық университеті, О.Тансықбаев атындағы Алматы сәндік- қолданбалы өнер колледжі.


1 ақпан университетіміздің жанынан «SMART STUDENTS» жастар бастамаларын қолдау орталығының салтанатты ашылуы өткізіліп, жобалар жасауда жастарымыздың шығармашылық қабілетін дамыту үшін үлкен мүмкіндіктер пайда болды.

Іс-шара жобалар байқауының жеңімпаздарын ақшалай сыйлықтармен марапаттаумен жалғасты: жүлде қоры 1-ші орын - 100 000 теңге, 2-ші орын - 70 000 теңге, 3-ші орын - 50 000 теңгені құрады. Сонымен қатар, 5 ынталандыру сыйлықтары бөлінді.

Өзінің бәсекеге қабілеттілігін дәлелдеп, 1-ші орынды үздік жоба иегері Satbayev University, 2-ші орынды Қазақ ұлттық аграрлық университеті, 3-ші орынды Алматы технологиялық университеті өкілдері жеңіп алды.


Абай атындағы ҚазҰПУ алғашқы болып «Жобалық start» мегажобасын өткізіп, Алматы қаласы жоғары оқу орындарына эстафета жолдады. Осы бастамамен белсенді жастар болашақта идеологиялық, инновациялық жобаларды әзірлеу және енгізу арқылы елдің дамуына елеулі үлес қосатыны анық.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 



266

Вернуться назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler