қазақша · русский · english
   
  Главная / Новости
22.11.2018

«Ұлы даланың жеті қыры» талқыланды

 

2018 жылдың 22 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 21 қарашадағы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған жиналыс болып өтті.

 

Жиналысты ашқан университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры, профессор Жанатбек Ішпекбаев Елбасы еңбегініне шолу жасай келіп, онда көтерілген негізгі мәселелерге тоқталды. Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жомарт Симтиков өз баяндамасында аталған еңбектің ұлт руханиятын көтерудегі маңызына жан-жақты тоқталды. Мақала Стратегиялық сипатқа ие және тарихи сана қалыптастыруға, мемлекетшілдік сана орнықтауға негізделген, дейді ол. Ал тарихи сананың тұғыры қашанда ұлттық болмыстан екені белгілі. Елбасы еңбегікөпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдауға шақырады.«Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз» - дей келе, негізінен, біздің әлемдік өркениетке қосқан үлесімізді, жаһандық даму үрдісіне тигізген айтарлықтай септігімізді қайтадан зерделеп, әлемге жаңаша заманауи түрде дәріптеуге үндейді. Мақала кіріспеден, екі ірі тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады. Мақалада алты ірі жаңа жоба ұсынылып отыр. Олар қазақ тарихын зерттеуге және Қазақстан мәдени мұраларын насихаттауға бағытталған. Шын мәнінде, біздің Ұлы даламыздың ғалам мәдениеті мен өркениетінде өзіндік ойып алар орны бар екені рас. Оған ешкімнің таласы болмауы тиіс. Тек соны нақтылап, шегелеу үшін алдымен оның мәні мен маңызын өзіміз жете түсініп, түйсінуіміз керек.

 

Бұл бастама «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде қаралады. «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасының жаңа компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді және оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту - еліміздің табысты болуының кепілі дегеніміз осы» - деді Елбасы. Бұдан кейін профессор Жомарт Симтиков мақаладағы негізгі тұжырымдар мен ұсыныстарға талдау жасап шықты. «Мұның барлығы қазақта ғылымның, зиялы ортаның және жоғары мәдениеттің болғанын көрсететін басымдықтар. Осыны басшылыққа алып, бүгінгі кейбір стереотиптерді жойып, жаңаша ұғым, көзқарас қалыптастыруымыз керек. Дәл біздің даламыздан бастау алған мәдениеттердің игілігін дүние жүзінің әлі күнге дейін көріп отырғанын дәріптеуіміз қажет. Мұндай қадам Ұлы даланың тарихын тым тереңнен бастап, бірнеше мың жылды қамтуды талап етеді. Сондықтан түркі дүниесімен бірге ғұн, сақтарға дейінгі ата тарихымызды тыңғылықты зерттеп, зерделегеніміз абзал», деді баяндамашы.

 

Университеттің «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры, профессор Борасын Иманбердиев Елбасы еңбегінің «Рухани жаңғыру» үдерісін одан әрі дамытуға қосылып отырған елеулі үлес екенін атап көрсетті. Педагогика және психология институтының 2 курс студенті Серік Тәтенов бүгінде білім алушылардың барлығы жаппай Елбасы еңбегін оқып, оны бірауыздан қолдап отырғанын атап айтты.

 

Баяндамашыларға көптеген сұрақтар қойылып, оларға тұшымды жауаптар қайтарылды. Университет проректоры Жанатбек Ішпекбаев өзінің қорытынды сөзінде Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық еңбегін студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы арасында кеңінен түсіндіру және насихаттау, баспасөз беттерінде пікірлер ұйымдастыру және нақтылы іс-шаралар жоспарын қабылдап, университет бойынша «Жол картасын» әзірлеу қажеттігіне тоқталды.

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім



1923

Вернуться назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler