қазақша · русский · english
   
  Главная / СМИ о нас
20.01.2018


Адам капиталын дамытуға жол ашады

 

 

Төртінші өнер­кәсіптік революция жаһандық кибер-физикалық жүйеге цифрлық төңкеріс енгізумен ерекшеленуі тиіс


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назар­баевтың Қазақстан халқына биылғы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы Қа­зақстан қоғамында айрықша сер­піліс туғызды. Бұл Жолдау бүгінде еңбек ұжымдарында, білім беру ұйымдарында, ғылыми меке­ме­лерде, басқару органдарында, құқық қорғау, қорғаныс саласында және басқа да құрылымдарда кеңі­нен талқыланып, қолдау табуда. Елбасы Жолдауы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық уни­вер­ситетінің кеңейтілген актив жиналысында да қызу талқыланды.


Жиналысты ашқан университет ректоры, профессор Такир Балық­баев жаһандық Төртінші өнер­кәсіптік революция аясында Қазақстанда жаңа басталған Үшінші жаңғырудың негізгі мақсат-міндет­терін айқындап берген бұл Жол­даудың маңызына ерекше назар аударды.

 

«Қазақстан Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында» тақырыбында баяндама жасаған университеттің Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры, философия ғылы­мының докторы, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Ақтолқын Құлсариева әлемде жүріп жатқан Төртінші өнер­кәсіптік революция туралы ой өрбітті. Алғашқы өнеркәсіптік революция ХVІІІ ғасырда адамзат баласының бу машинасын ойлап табуынан басталса, өнеркәсіптегі екінші төңкеріс - ХІХ ғасырдың соңына қарай электр қуатын өндірумен сипат­талады, 1950 жылы басталған үшінші өнер­кәсіптік революция - әлемдік элект­ро­ника және ақпараттық технологиялар дамуымен айшықталды. Төртінші өнер­кәсіптік революция жаһандық кибер-физикалық жүйеге цифрлық төңкеріс енгізумен ерекшеленуі тиіс. Ол «Индустрия 4.0» деп аталады. Ал енді үшінші жаңғыру жолына түскен жас Қазақстан мемлекеті Төртінші өнеркәсіптік революциялық жағдайында технологиялық, экономи­калық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып отыр.

 

Елбасы Қазақстан жаңа әлем көш­басшыларының қатарына қосылу үшін елімізде қажетті нәрсенің бәрі бар екенін атап көрсетіп, бұл салада атқарылуға тиісті нақты он міндетке тоқталды. Оның жетіншісі тікелей білім саласына, адам капиталына қатысты. Бұл арада Мемлекет басшысы барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдетуді тапсырып отыр. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс екенін атап айтты. Бұл үшін орта білім беру саласында жаңар­тылған мазмұнға көшу, жаңа бағдарла­малар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар әлеуеті қажет. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдары қайта қаралып, жаңартылу сұралып отыр. Оқытудың мазмұны заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы толықтырылады. Цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектеп­терді бейне құрылғылармен жабдықтау жұмыстары жалғастырылуы қоғамды ілгері жылжытуға бастайды.

 

Цифрлық білім беру ресурстары дегенде бұл іске халықаралық талаптар тұрғысынан қарау қажет. ЖОО-лардың үздік мұғалімдерінің бейне-сабақтары мен бейнедәрістерін интернетке орналастыру арқылы шалғай елді-мекендердегі мектеп­тер мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға қол жеткізіледі.

 

Елбасы атап көрсеткендей, жоғары білім беру ісінде жасанды интеллектпен және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту қолға алынуда. Осыған орай металлургия, мұнай-газ химиясы, агроөнеркәсіп кешені, био жана ІТ технологиялар саласын зерттеу ісінде басымдық беретін жоғары оқу орны ғылымын дамыту жүргізілуде. Сондықтан бізге шетелдік университеттермен, зерттеу орталықтарымен, ірі кәсіпорындарымен және трансұлттық компаниялармен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру міндеті туындап отыр. Жеке сектор арқылы ғылымды қаржыландыру барлық қол­данбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.

 

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педаго­гикалық университеті филология және көптілді білім беру институтының дирек­торы, филология ғылымының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы «Елбасы Жолдауы - еліміздің тұғырлы болашағы» тақырыбындағы баяндамасында адам капиталын жаңғыртуда білім беру жүйесінің маңызды рөл атқаратынын атап көрсетті. Ол, әсіресе, ЖОО-ларға білім беру бағдарламаларын жасауға көбірек құқық беріп, олардың академиялық еркін­дігін заңнамалық тұрғыдан бекіту керектігі туралы Елбасының тұжырымдарына қолдау білдірді. Сондай-ақ, қазақ тілін дамыту, орыс және ағылшын тілінде сабақ беру мәселелерінің өзектілігіне тоқталып, латын әліпбиіне көшуге байланысты өз ойларын ортаға салды. Университеттің «Қылмыстық құқықтық пәндер» кафедра­сының меңгерушісі, заң ғылымының докторы, профессор Бақытжан Төлеу­бекова, Халықаралық қатынастар кафед­расының меңгерушісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Жомарт Симтиков, экономикалық мамандықтар кафедра­сының меңгерушісі, экономика ғылымы­ның докторы, профессор Борасын Иманбердиев, педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымының докторы, профессор Қорлан Жампейісова, «Тұлға психологиясы» ғылыми орталы­ғының директоры, психология ғылымының докторы, профессор Жәмила Намазбаева, «Интеллектуалды ұлт қалыптастыру» ғылыми орталығының директоры, профес­сор Марат Нуриев және басқалар Мем­ле­кет басшысының жаңа Жолдауын бір ­ауыздан қуаттап, Жолдаудағы жеке тұжы­рымдар бойынша өз ойларын ортаға салды.

 

Авторы: Мырзахан Ахметов,

Абай атындағы ҚазҰПУ Қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы

20.01.2018 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz

 



376

Вернуться назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler