қазақша · русский · english
 
 
  Главная / Новости
24.11.2017

Абай атындағы ҚазҰПУ және AlmaU тәжірибе алмасты


2017 жылдың 22 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев бастаған делегация Алматы Менеджмент университетіне сапармен барып қайтты. Кездесуге проректорлар, департаменттердің және институттардың директорлары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары қатысты.


Сапардың мақсаты AlmaU университетінің білім беру және ғылыми үдерістерін бақылауды жүзеге асыратын тиісті департамент өкілдерімен тәжірибе алмасу болды.


Сапар университет кампусына саяхаттан басталды, саяхат барысында қонақтар нейромаркетинг зертханасын, симуляция бөлмесін, шешендік өнер шеберханасын, DesignLab зертханасын, MediaLab мультимедиялық журналистика орталығын, Кайдзен орталығын, CreativeZoneAlmaU, AlmaU инновациялық мұражайын аралады.


AlmaU университетінің ректоры және проректорлары жоо-ны басқару , академиялық еркіндік , университеттің даму стратегиясы, сондай-ақ оқу процесін басқару және ғылыми-зерттеу жоба негізіндегі тәсілді қолдану қағидаттары жөнінде сессиялық презентазиялар өткізді. Қатысушылар Centre of Excellence біліктілікті жоғарлату орталығының, сондай-ақ мансапты жоспарлау және түлектермен жұмыс жасау орталығының қызмет аясымен танысты. Рекрутинг және халықаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша AlmaU әріптестері маркетинг пен коммуникацияларды және халықаралық дамуды басқару тәжірибесін ұсынды.

ҚазҰПУ делегациясының AlmaU университетіне сапары бірлескен оқу және ғылыми жобаларды жүзеге асырудың маңызды қадамы болып табылады.

  

 

   

 

  

 

 



291

Вернуться назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler