қазақша · русский · english
   
  Главная / Объявления
02.09.2019

Құрметті магистранттар мен докторанттар!

 

DAAD Шығыс серіктестігі жобасы аясында 2019 жылдың 3-13 қараша аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 5 докторанты мен 5 магистрантының Гайдельберг педагогикалық университетінде (Германия, Гейдельберг) ғылыми тағылымдамасы жоспарланған. Ғылыми тағылымдаманың мақсаты - екі университеттің жас зерттеушілері арасында ғылыми идеялармен алмасу және ғылыми зерттеулер саласында серіктестік орнату.

 

Осыған байланысты 2019 жылдың 31 тамызына дейін барлық мамандықтардың 2 курс магистранттары мен 2-3 курс докторанттары арасында конкурстық іріктеу жарияланады.

 

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін міндетті құжаттар:

1. Соңғы семестірде көрсетілген 3,5-тен төмен емес GPA транскрипті.

2. IELTS, TOEFL және TestDAF сертификаттарының түпнұсқасы (В1-В2 деңгейі).

3. Ағылшын немесе неміс тілдеріндегі зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми реферат.

 

Құжаттар 2019 жылдың 31 тамызына дейін, Халықаралық ынтымақтастық департаментінде, Қазыбек би көшесі,30/1 мекен-жайы бойынша, №3 каб. қабылданады. Тел.: 293-85-79.


Тағылымдамадан өтуге қатысты барлық сұрақтар бойынша бізбен немесе m.tajiyeva@edu.kaznpu.kz электронды поштасы арқылы хабарласыңыз.

 

Жобаға байланысты жол жүру шығындарын (әуе билеті) қатысушы өзі төлейді. Басқа шығындар (таңғы ас, тұру шығындары , әуежай-Гейдельберг-аэропорт және экскурсия трансфері) жобаның есебінен төленеді.

 

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті

 



51

Вернуться назад

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler