Негізгі бет
Ректор

Пірәлиев Серік Жайлауұлы
педагогика ғылымдарының докторы, Халықаралық инженерлік Академиясының және Қазақстан Республикасының инженерлік Академиясының мүше-корреспонденті. «ҚР білім беру үздігі», Нобель сыйлығының лауреаты П.Л.Капица атындағы күміс медалімен, ғылыми жаңалықтары және ғылыми жаңалықтарды ашқаны үшін Халықаралық академиясының дипломымен, ҚР «Құрмет» орденімен марапатталды.
1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.1976 жылдың 10 қарашасынан бастап ҚазССР ҒА химия институты гербицидтер синтезі зертханасында лаборант қызметін атқарды, кейін зертхананың инженері қызметіне ауыстырылды (КҒҚ).Жоғары білім беру бойынша оқу-әдістемелік басқармада аға инспекторы, Білім Министрінің көмекшісі,шетелдік білімгерлермен мен байланыс жұмысы бойынша бөлімнің бастығы, ҚР білім және ғылым Министрлігі Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастығы, ҚР Министрлер Кабинеті Аппаратындағы ішкі істер бөлімінің хаттама қызметінің сектор меңгерушісі, ҚР ТМД ынтымақтастық Мемлекеттік Комитетінің төраға орынбасары, ҚР білім және мәдениет Министрлігің жоғары және орта арнаулы білім Департаменті директорының орынбасары, ҚР және БҒМ жоғары және орта арнаулы білім беру Басқармасының бастығы,ҚР және БҒМ жоғары және орта арнаулы білім беру Департаменті директорының орынбасары, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының ректоры, Х.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры қызметін атқарды, ҚР БҒМ жауапты хатшысы, 2008 жылдың сәуір айынан бастап Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры.