Негізгі бет
Жаңартпа технологиялар және білім мазмұны ҒЗИ
Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын ғылыми-зерттеу институт
|
|
ҒЗИ директоры |
| |
Нуриев Марат Алмасаевич
|
| |
тел: +7 (727) 291-88-83 |
| |
nitso@mail.ru |
Қысқаша мәлімет
Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын ғылыми-зерттеу институты 2008 жылдың қазан айында құрылды. Институттың ғылыми-зерттеу жұмысы – білім мазмұнын тереңдетіп, инновациялық технологиялардың жаңа үлгілерін оқу үдерісін жетілдіре дамыту бағытында кіріктіру, білім беру траекториясының жаңа үлгісін құрастыру, ұлттық тәрбие пәнін оқу үдерісіне ендіру болып табылады.
Еліміздің қазіргі әлеметтік-экономикалық даму тенденциялары оқу ісі жөніндегі реформаларға өзгерістер мен жаңаша көзқарастар легін алып келуді қажет етуде. Сондықтан да білім беру жүйесі мен білім саласында түбегейлі реформа жасап, онда келесі тәрбиеленетін буынды ұлт патриоты етіп шығаруды мақсат тұту қарастырылуы тиіс. Білім беру саласында біздің уақытымызға дейін де талай реформа жүргізілді. Ал, бүгінгі реформа өзінің іргетасын оқыту үрдісіндегі білім тәрбиенің дамыту бағытындағы тұлғалық – бағдарлы сипат алу мазмұнын нақтылайды.
Қазіргі таңда білім саласында жүргізіп жатқан реформаның басты мақсаты – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет ете алатын, дүние-танымы жоғары, білімдік бәсекеге қабілетті жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесіндегі ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқу үрдісіндегі білім жүйесіне инновациялық өзгерістермен толықтыру. Ұлттық білім беру моделін құру бағытындағы жаңа мемлекеттік саясат нәтижесінде, еліміздегі білім беру жүйесі үздіксіз даму және жетілу үстінде. ҒЗИ оқу үрдісіндегі сапалылық пен жаңашылдықты қарастырады.
ҒЗИ-дің кадрлық құрамы:
• Еліміздегі жоғары білім мен ғылымның белгілі ұйымдастырушысы, Қазақстанның жоғарғы мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, техника ғылымдарының кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті ішіндегі Жаңартпа технологиялар және білім беру мазмұнын зерттеу атты ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Марат Алмасайұлы Нұриев.
• Якупова Альбина Николаевна, ҒЗИ директорының орынбасары
• Яковцева Анна Игоревна, ғылыми хатшы
• Сейсенбаева Жанар Айтбергенова, бөлім басшысы, филология ғылымдарының кандидаты
• Аганина Құндыз Жамиевна, бас ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының докторы, доцент
• Ишмухамедова Нина Байжанова, бас ғылыми қызметкер, педагогика ғылымдарының кандидаты
• Байоразова Айнур Жамалтайқызы, жетекші ғылыми қызметкер
• Солтан Бақытжан Сембековна, жетекші ғылыми қызметкер
• Азретбергенова Эльмира Жарылкасыновна, жетекші ғылыми қызметкер, тарих ғылымдарының кандидаты
• Түймебаева Нұрайша Кансеитовна, методист
• Бердиева Айгуль Бырзабекқызы
• Болтабекова Газиза Уалихановна