Негізгі бет
Студенттердің кәсіподақ комитеті
Студенттердің кәсіподақ комитеті

|
|
студенттердің кәсіподақ комитетінің төрайымы |
| |
Ушатова Айгуль Абдикаламовна |
| |
тел: +7 (727) 291-90-14
|
| |
|
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің кәсіподақ ұйымы студенттер, магистранттар және аспиранттардың бірлескен ұйымы.
Студенттердің әлеуметтік құқығын қорғауда, мәдени- тәрбие ісін жүргізуде, қоғамдық жұмысқа баулуда, кәсіподақ ұйымында бес түрлі бағытта комиссия жұмыс жүргізеді. Ұйымдастұру, оқу ісін – қадағалау, жатақхана - тұрмыстық, дене шынықтыру сауықтыру, мәдени іс шаралар комиссиясы. Әрбір комиссия жетекшісі, мүшелері бар. Комиссия жұмысының қорытындысы кәсіподақ кеңесінде тыңдалып, қаулы қабылданады.
Жоғарыда аталған комиссиялар жұмысының есебі:
Ұйымдастыру комиссиясының жетекшісі, жаратылыстану - география факультетінің 4 курс студенті Жунусова Эльмира. Комиссия жұмысының негізгі мақсаты студенттерді кәсіподаққа баулу. Бүгінгі таңда 10 факультет жетекшісі және топ жетекшілері бар. Факультет және топ жетекшілері студенттер кәсіподағын студенттер мен тікелей байланыстырып, жаңалықтар мен хабарландыруларды жеткізіп отыратын негізгі орталық.
Ұйымдастыру комиссиясы сондай – ақ кәсіподақ белсенділерімен оқыту, үйрету, ұйымдастыру, талдау, бақылау жұмыстарын жүргізеді. Жылдық жұмыс жоспарын құру, бекіту, кәсіподақ мүшелерінің есебін жүргізу, студенттерді әлеуметтік қорғау, басқа да жоғарғы оқу орындарының студенттер кәсіподақ ұйымдары мен тәжірибе алмастыру комиссия міндеті болып табылады.
Комиссия Алматы қалалық білім және ғылым қызметкерлерінің «Парасат» кәсіподақ ұйымы мен бірлесіп «Связист» лагерінде семинар өткізді. Семинарға факультет, топ жетекшілері толық қатысып, ой өрістері кеңейіп, жақсы дем алды.
Оқу ісін қадағалау кәсіподақ ұйымының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Университетімізде студенттерге халықаралық стандарттарға сай білім алуға барлық жағдай жасалған, соған қарамастан оқуға, білім алуға деген талпыныс төмен. Оқу ісін қадағалау комиссиясы топтарда студентттерді жоғары дәрежелі білім алуға шақырады. Кураторлық сағаттар өткізіп, оқу үздіктеріне арнайы тағайындалған степендия иегерлерімен таныстырып, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізеді. Комиссия жетекшісі физика - математика факультетінің 3 курс студенті Балтаева Ақгүл.
Жатақхана мәселесі қазіргі таңда бірінші орында тұр. Университет жанында бес студенттер жатақханасы бар. Жатақханалардағы негізгі тәрбие жұмысын студенттер кеңесі жүргізеді. Студенттік кеңес кәсіподақ мүшелерінен тұрады. Кеңес жұмыс жоспары кәсіподақ ұйымы мен бірлесе отырып жасалады. Комиссия жетекшісі Избенова Гульзира жаратылыстану- география факультетінің 4 курс студенті, айына бір жатақханаларда бақылау жұмыстарын жүргізіп есеп береді.
Жатақханаға орналасу кезінде айына студенттер шәкіртақысының он пайызын төлейді. Жетім балалар тегін тұрғызылады. Жатақханаларда жыл сайын күрделі жөндеу жүргізіледі.
Дене шынықтыру, сауықтыру, мәдени іс шараларды ұйымдастыру, өткізу, психология-педагогика факультетінің 2 курс студенттері Көпжасарұлы Ерқанат пен Сланұлы Абзалға жүктелген.
Университетіміздің ең елеулі мерекелері: «Білім күні», «Студенттік қатарға қосылу», «Жаңа жыл», «Наурыз», білім, өнер, әдебиет қайраткерлерімен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесу, студенттер еңбектерінің көрмесін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын нақыштауда спорттық сайыстар өткізу, мұражайлар мен театрларға саяхат ұйымдастыру, ойын сауық кештерін өткізу дәстүрге айналды.
Эстетикалық тәрбие беруде «Кел қыздар сырласайық», «Студенттік көктем» кештерінің орны ерекше.
Университетіміздің студенттері Республикалық «Келсеңші маған ән болып», «70 – 80 жылдардағы Ретро әндер», «Жас толқын» байқауларының жеңімпаздары.
Университет тарапынан және кәсіподақ ұйымнан қоғамдық жұмыс белсенділері, байқаулар мен сайыстардың жеңімпаздары бағалы, ақшалай сыйлықтармен марапатталады.