Негізгі бет
Талапкердің жаднамасы
Талапкердің жаднамасы
Кешенді тест тапсыруға құжаттарды қабылдау.
Талапкер құжаттарын өзі тапсыруы міндетті, оның құжатын бөгде адамдар тапсыруына рұқсат жоқ.
Талапкер келесі құжаттарды тапсырады:
1.Тесттен өтетін төлем түбіршегін өткізеді (ҚР халық банкінің төлем түбіршегісіз құжаттар қабылданбайды);
2.Білім беру мекемесін (жалпы орта, бастауыш кәсіптік, орта кәсіптік)бітірген туралы құжат (аттестат немесе диплом).
3. 3х4 көлемдегі 2 дана фотосурет.
4. Жеке куәлігінің көшірмесін тапсыру қажет.
Техникалық хатшы құжаттардың сәйкестігін тексеру қажет. Егер талапкер 16 жасқа толмаған жағдайда ол мектептен анықтама алып келуі қажет ( К-00 формасы).
Құжаттарды тапсырғаннан кейін талапкер техникалық хатшыдан қолхат алады және тіркеу журналына қол қояды. Өтініш бланкін толтырғаннан кейін талапкер қол қояды. Келесі күні рұқсат парағы беріледі.
Рұқсат парағында талапкер туралы толық мәлімет бар, талапкер берілген мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Егер талапкер өзінің мәліметінде қате болған жағдайда өзгерістерді енгізуге талап етеді. Егер талапкер емтиханды мемлекеттік тілде тапсырса, онда оған рұқсат парағы мемлекеттік тілде беріледі.
Кешенді тест
Талапкерлерді дәрісханаға бір-біреуден кіргізеді. Кезекші жеке куәлік, рұқсат парағы негізінде талапкердің құжаттарға сәйкестігін тексереді. Сөмке, кітаптарды т.б. заттарды талапкерлер дәрісханаға кірер кезінде есіктің алдына қалдыруы тиіс. Парақта көрсетілген орынға отыруы тиіс. Емтихан басталғанын хабарлаған соң талапкерлерді кіргізу процесі тоқтатылады. Талапкер өз орынна отырғанын туралы арнайы қағазға қол қояды.
Жауап парағын толтыру ережелері
Сектор1 - аты-жөні (баспа әріпімен жазу)
Сектор2 - ИКТ (талапкердің рұқсат парағынан)
Сектор3 - ағымның және дәрісхананың нөмірі (талапкердің рұқсат парағынан)
Сектор4 - орны (талапкердің отыратын орны)
Сектор5 - нұсқасы (сұрақ-кітапшасының титул парағында көрсетілген, сұрақ-кітапшасы берілгеннен кейін толтырылады)
Сектор 6,7,8,9 - пәндер бойынша сұрақтарға жауаптарды белгілеуге арналған. Әр тапсырмада 5 жауаптан бар. Онда 1 жауабы ғана дұрыс, сәйкес домалықты белгілеуі қажет. 9 секторда 4-ші пән деген домалақты көрсету. 10 сектор толтырылмайды.
"Талапкердің қолы" деген секторда жауап парағының астыңғы оң жағында талапкер қол қоюы тиіс. Қателескен жағдайда жаңа жауап парағы берілмейді. Сұрақ-кітапшаларды тапсырғаннан кейін нұсқаларды бөлу парағына қол қояды. Тест сұрақтарына жауаптарды белгілеу және жауаптар парағының көшірмесін толтыру бекітілген уақытқа кіреді. Тест тапсыру уақыты - 180 минут (3 сағат).
Шағым арызды шағым комиссияға тест қорытындысын хабарлағаннан кейін келесі күннің 13 сағатқа дейін тапсырылуы тиіс, бұл мәселе бір тәулік аралығынла қаралады. Талапкер арнайы бланкте шағым комиссия төрағасының атына арыз толтырады.
Талапкер МББГ ие болу конкурсына қатысу
Талапкер МББГ ие болу конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- білім беру мекемесін бтіргендігі туралы құжат
- мемелекеттік сертификат
- жеке тұлғаны растайтын құжаттың көшірмесі
- талапкер жеңілдіктерге ие деген құжат, бар болған жағдайда. Олар:
а) әке-шешесінің өлгендігі туралы куәлік;
ә) мүгедек деген медәлеуметтік сараптама комиссияның анықтамасы;
б) ағымды жылда халықаралық республикалық пәндік олимпиядалар жүлдегерінің дипломы;
в) ағымды жылда республикалық ғылыми жарыс жүлдегерінің дипломы;
г) соңғы 3 жыл аралығындағы халықаралық республикалық өнер көрсету жарыс және спорт жарыс жүлдегерінің дипломы.
Келесі шарттарды орындаған жағдайда ауыл үлесінің жеңілдіктеріне ие болады:
- талапкер бітірген оқу орны ауыл мектебі деген статусқа ие, ол мәлімет ҚР мектеп, КМ және колледж анықтамасына сәйкес келуі тиіс.
- талапкер таңдаған мамандық бойынша ауыл үлесі болған жағдайда. МБГ ие болу жарысына қатысу туралы анықтама беріледі. Анықтама талапкер анықтама тіркейтін журналға қол қойғаннан кейін беріледі. Түбіршекті талапкер қол қоюмен растайды және ол жауапты хатшыда қалады.
Талапкер анықтамадағы мәліметтердің дұрыстығын тексереді. Егер талапкер өзінің мәліметінде қате болған жағдайда өзгерістерді енгізуге талап етеді.
Қабылдау комиссиясы:
Мекен-жайы: 050010, г. Алматы, Қазыбек би, 30
Байланыс телефоны: +7 (727) 291-73-71
Сайты: www.kaznpu.kz