Біздің университет  |  Жаңалықтар  |  Білім беру  |  Ғылым  |  Студенттерге  |  Талапкерге  |  Фотогалерея  |  Ресурстар  |  Байланыс
Университеттің ректоры
Университеттің ғылыми кеңесі
Ғылыми-әдістемелік Кеңес
Проректорлар, ректордың көмекшілері
Факультеттер/Кафедралар
Оқу басқармасы
Ғылым басқармасы
Қаржы және экономика басқармасы - бухгалтерия
Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты жөніндегі басқарма
Халықаралық ынтымақтастық басқармасы
Әкімшілік-шаруашылық басқармасы
PhD докторантура және магистратура институты
Білім сапасын талдау және біліктілікті жетілдіру институты
Қолданбалы физика, математика институты
Психология ҒЗИ
Жаңартпа технологиялар және білім мазмұны ҒЗИ
Әдебиеттану және тіл білімі ҒЗИ
Абайтану ҒЗО
А.Байтұрсынұлы атындағы ҒЗО
Білімді ақпараттандыру орталығы
Кітапхана
Қызметкерлердің кәсіподақ комитеті
Студенттердің кәсіподақ комитеті
Жастар ісі жөніндегі комитеті
Құжатпен қамтамасыз ету және бақылау бөлімі
Абай атындаға ҚазҰПУ колледжі
Талапкерге
Абай атындағы ҚазҰПУ шақырады...
Талапкердің жаднамасы


Негізгі бет Оқуға қайда баруға болады?


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ – Қазақстан Республикасындағы білімнің қара шаңырағы, тұңғыш жоғары оқу орны. Ол мемлекет өмірінде қоғамымыздың барлық маңызды салаларына білікті маман даярлаумен айналыса отырып, айрықша маңызды іс тындыруда.
2007 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-ға 79 жыл толады. Өзінің осынау ғұмырында білім беру мен ғылыми зерттеу жұмыстарын жоғары да өскелең талап деңгейінде ұйымдастыруды басты қалып пен негізгі нысана деп білген оқытушылар ұжымы үнемі көздеген меже биігінен көрініп келеді.
2003 жылы мемлекеттік аттестация мен тіркеуден ойдағыдай өткен университет өзінің жоғары, өскелең талап деңгейінде жұмыс істейтінін тағы бір дәлелдеп берді. Ал, кейбір факультеттер - халықаралық аудит тәуелсіз шетелдік сарапшылардыңәлемдік білім беру стандартына сайдеген бағасын алды.
Университеттің 10 факультетінде 94 мамандық бойынша білім беріледі. Дәріс – қазақ, орыс, араб, түрік, ағылшын, неміс, француз, парсы, ұйғыр және басқа тілдерде жүргізіледі.
Қазіргі таңда университетімізде оқып жатқан 22000 студент, магистр, 956 аспирант, докторант және ізденушілер бар. Оқу орнының 69 кафедрасында 1500 оқытушы қызмет істесе, олардың 278-і ғылым докторлары мен профессорлар, 620-дaн астам ғылым кандидаттары мен доценттер.
Университетте 4 Ғылыми-зерттеу институттары және 2 Халықаралық орталық бар. 23 мамандық бойынша 20-дан астам докторлық және кандидаттық диссертация қорғау Кеңесі жемісті жұмыс істеуде.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқытудың барлық түрлері бойынша төмендегі мамандықтарды игеру үшін 1 курсқа студенттер қабылдайды:
Халықаралық қатынастар факультеті:
050202 – халықаралық қатынас (мамандандыруы – елтану, елшілік және консулдық қызмет, халықаралық қатынас оқытушысы);
050302 – халықаралық құқық;
050502 – саясаттану (мамандандыруы – саяси менеджмент);
050504 – журналистика (мамандандыруы – халықаралық журналистика, бұқарамен байланыс).
Қаржы және экономика факультеті:
050511 – маркетинг;
050506 – экономика;
050507 – менеджмент;
050508 – есеп және аудит;
050509 – қаржы;
050510 – мемлекеттік және жергілікті басқару.
Заң факультеті:
050301 – құқықтану;
Физика-математика факультеті:
050109 – математика (мамандандыруы – математика);
050110 – физика (мамандандыруы – физика және информатика);
050111 – информатика (мамандандыруы – информатика және компьютерлендіру менеджменті, информатика және ағылшын тілі);
050120 – кәсіптік оқыту (мамандандыруы – техникалық өндіріс және информациялық технологиялар);
050601 – математика (мамандандыруы – математика);
050602 – информатика (мамандандыруы – информатика және ақпаратты қорғау);
050603 – механика (мамандандыруы – механика-информатика және ағылшын тілі);
050604 – физика (мамандандыруы – физика және ағылшын тілі);
050703 – ақпараттық жүйелер;
050716 – приборлар жасау (мамандандыруы – биотехникалық және медициналық аппараттар мен жүйелер).
Психология және педагогика факультеті:
050101 – мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;
050102 – бастауыш білім берудің педагогикасы мен тәсілдері (мамандандыруы – бастауыш білім берудің педагогикасы мен тәсілдері, бастауыш білім берудің педагогикасы мен тәсілдері және шет тілі, бастауыш білім берудің педагогикасы мен тәсілдері және информатика, бастауыш білім берудің педагогикасы мен тәсілдері және музыка);
050103 – педагогика және психология;
050104 – алғашқы әскери дайындық;
050105 – дефектология;
050108 – дене шынықтыру және спорт
050503 – психология (мамандандыруы – психология, психология және шет тілі).
География және экология факультеті:
050112 – химия (мамандандыруы – химия-биология, химия және экология);
050113 – биология (мамандандыруы – биология және география, биология және экология, биология және психология, биология және валеология);
050116 – география (мамандандыруы – география және туризм, география және экология, география және экономика негіздері);
050606 – химия (мамандандыруы – органикалық, бейорганикалық, физколлоидтық химия, мұнай химиясы);
050607 – биология (мамандандыруы – ботаника, зоология, физиология, генетика);
050608 – экология (мамандандыруы – экология және табиғатты пайдалану);
050609 – география (мамандандыруы – геоэкология, Қазақстан географиясы, физикалық және экономикалық-әлеуметтік география);
050902 – туризм (мамандандыруы – туризм және туризмді оқыту).
Қазақ филологиясы факультеті:
050117 – қазақ тілі және әдебиеті (мамандандыруы – қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі; басқа ұлт мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті; қазақ тілі, әдебиеті және шет тілі (ағылшын тілі));
050119 – екі шет тілі (мамандандыруы – түрік тілі және ағылшын тілі; араб тілі және ағылшын тілі; парсы тілі және ағылшын тілі; ағылшын және неміс тілі) – тек қана күндізгі бөлім;
050121 – қазақ тіліндеоқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті;
050205 – филология (мамандандыруы – қазақ тілі мен әдебиеті, түрік тілі мен әдебиетің мұғалімі);
050207 – аударма ісі (мамандандыруы – аударма ісі-аударма референт (ағылшынша-қазақша, қазақша-ағылшынша); аударма ісі және мемлекеттік тілде іс жүргізу (қазақша-орысша, орысша-қазақша));
Филология факультеті:
050118 – русский язык и литература (специализация – русский язык и литература, русский язык и литература и английский язык, русский язык и литература и немецкий язык, русский язык и литература и корейский язык, русский язык и литература и уйгурский язык).
050119 – иностранный язык: два иностранных языка (специализация - английский и немецкий, немецкий и английский, английский и французский, турецкий и английский, арабский и английский, китайский и английский, японский и английский). Европейские языки – очное и заочное, Восточные языки – только очное.
050122 – русский язык и литература в школах с нерусским языком обучения.
050205 – филология (корейский и русский языки) -только очное отделение.
050221 – филология (уйгурский язык).
050207 – переводческое дело (специализация – англо-русский перевод).
Тарих факультеті:
050114 – тарих (мамандандыруы – тарих және география, тарихты ағылшын тілінде оқыту, тарих және білім беру жүйесіндегі менеджмент);
050115 – құқық және экономика негіздері (мамандандыруы – құқық және экономика негіздері, тарих);
050203 – тарих (мамандандыруы – тарих және мұрағаттану);
050505 – аймақтану (шығыстануараб тілін меңгеруімен, қытайтану, түріктану, жапонтану) .
Көркемөнер және графика факультеті:
050107 – бейнелеу өнері және сызу;
050413 – кескіндеме (мамандандыруы – кескіндеме);
050414 – графика (мамандандыруы – графика);
050417 – қол өнері (мамандандыруы – ағаш және басқа материалдарды, көркем өңдеу);
050421 – дизайн (мамандандыруы бойынша) (мамандандыруы – көркем тоқыма, киім дизайні).

Университет жанында әскери кафедра жұмыс істейді. Университет бітірушілері Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Ішкі Істер органдарында, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, кеден саласында қызмет жасауға мүмкіндік беретін қосымша мамандық алады.

Екінші жоғары білім. Университеттің барлық факультеттерінде ақылы екінші жоғары білім алуға болады,оқу мерзімі – 2-2,5 жыл.

Талапкер мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алу конкурсына қатысу үшін қабылдау комиссиясына мынадай құжаттар тапсырады:
- белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш;
- бiлiмi туралы құжатын (түпнұсқа);
- мемлекеттік сертификат;
- мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын;
- 3х4 көлемiндегi2 фотосурет;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
- жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесiн суретiмен бiрге өткiзедi.

Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжат белгіленген тәртіппен нострификациялануы тиіс.
Шетел азаматтары ұсынатын құжаттар белгiленген тәртiпте нострификациялануы керек.
Мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алу конкурсына қатысу үшін өтініштер шілденің 22-нен 31-не дейін қабылданады.

Талапкерлер кешендi тест сынағына қатысу үшiн азамат қабылдау комиссиясына:
 белгіленген үлгідегі бланкіде өтiнiш;
 аттестат немесе кәсiптiк бастауыш немесе орта кәсiптiк оқу орнын аяқтағаны туралы диплом (түпнұсқа);
 мемлекеттік білім беру грантын алуға басым құқықты растайтын;
 тест сынағын өткiзуге қажеттi ақыны төлегенi туралы түбiртек (квитанция);
 3х4 көлемiндегi 2 фотосурет;
 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
 жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесiн суретiмен бiрге өткiзедi.


Өтініштерді қабылдау мерзімі маусымның 20-нан шілденің 10-на дейінгі аралықта болады. Абитуриенттерге кешенді (комплексті) тестілеу шілденің 18-нен 22-сі аралығында өтеді.

Мамандықтарға өтініш мына шифрлар бойынша жоғары оқу орныныңқабылдау комиссиясында маусымның 20-нан шілденің 3-не дейінгі аралықта қабылданады, арнайы (шығармашылық) емтихандар шілденің 4-нен 9-ы аралығында өтеді:

050504 – журналистика;
050107 – бейнелеу өнері және сызу;
050413 – живопись;
050414 – графика;
050417 – безендіру өнері;
050421 – дизайн;
050104 – бастауыш әскери дайындық;
050108 – дене шынықтыру және спорт.

Студенттер қатарына қабылдау жоғары оқу орныныңқабылдау комиссиясы тарапынан тамыздың 10-нан 25-і аралығында жүргізіледі.

Университетке оқуға түскендер ректордың атына факультеті мен мамандандырылған мамандығын көрсетіп өтініш жазады. Қабылдау жөнінде өтінішпен қоса мына құжаттар ұсынылады:
- жалпы орта, кәсіптік бастауыш немесе кәсіптік орта білімі туралы құжатын (түпнұсқа);
- 3х4 көлеміндегі 6 фотосуреті;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;
- әкімшілік растаған еңбек кітапшасының көшірмесі (жұмыс істеушілер үшін);
- мемлекеттік сертификат;
- мемлекеттік білім гранты тағайындалғаны туралы куәлігі (ол болған жағдайда).

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы:

Қабылдау комиссиясы:
Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Достық даңғылы, 13.
Байланыс телефоны:
+7 (727) 291-73-71
Сайт: www.kaznpu.kz