қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
12.12.2019

ҚР жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру бойынша халықаралық конкурс 

 

2019 жылы 1 қараша - 10 желтоқсан аралығында Инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы оқытушылар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің базалық ұйымының Қоғамдық Кеңесінің жоспарына сәйкес Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі ҚР жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру бойынша «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» тақырыбында студенттік жобалар халықаралық конкурсы өтті. Конкурс Ресурстық кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен (директор - профессор Мовкебаева З.А.) өткізілді.

 

Конкурсқа М.Танк атындағы Белорусь мемлекеттік педагогикалық университетінің (Минск қ., Беларусь Республикасы), Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербург қ., Ресей Федерациясы), Байкал мемлекеттік университетінің (Чита қ., Ресей Федерациясы) студенттері және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Алматы қ.,Қазақстан Республикасы) магистранттары қатысты. Конкурста эссе, Smart-фото, Smart- video номинациялары қарастырылды.

 

2019 жылғы 12 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры А.Т. Құлсариеваның төрағалығымен әділқазылар алқасы конкурсқа қатысушыларды марапаттауға ұсынды:

 

«Үздік эссе» байқауының номинациясы бойынша:

I дәрежелі дипломмен -Шкута Мария Дмитриевна (А.С. Пушкин атындағы ЛМУ), Федотова Наталья Валерьевна (Байкал мемлекеттік университеті), Чигирь Татьяна Константиновна (М.Танк атындағы БМПУ).
IІ дәрежелі дипломмен -Макарченкова Александра Сергеевна (М.Танк атындағы БМПУ), Брик Данил Игоревич (Байкал мемлекеттік университеті), Богомазова Светлана Владимировна (Забайкальский государственный университет).

IІІ дәрежелі дипломмен - Грудинина Вера Евгеньевна (Байкал мемлекеттік университеті), Бондарева Елизавета Сергеевна марапатталды.


Smart-photo байқауының номинациясы бойынша:

I дәрежелі дипломмен - Глушенков Денис Александрович (Байкал мемлекеттік университеті),
IІ дәрежелі дипломмен: - Брик Данил Игоревич (М.Танк атындағы БМПУ) марапатталды.


Smart-video байқауының номинациясы бойынша:

I дәрежелі дипломмен - Ермекова Ботагоз Қуандыққызы, Сагатова Диана Сабиткызы, Абдималик Алия Адильбековна (Абай атындағы ҚазҰПУ) марапатталды.

 

   

 

   

 

 



180

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler