қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
Ректор блогы
     
     
    Ректор блогы

    Құрметті ұстаздар мен шәкірттер, оқу орнының табалдырығын жаңа аттап отырған студенттер!


    Өзі құрылғалы бері аға буынның бірнеше легі ауысып, жас ұрпақтың көптеген буынын тарих сахнасына шығарған Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны. Оның іргесі 1928 жылы қаланған және бүгінгі таңда Тәуелсіз Қазақстанның беделді оқу орындарының бірінен саналады. Биыл бұл университеттің құрылғанына 87 жыл толды.
    Қазақ жоғары білімінің қара шаңырағы, еліміздегі тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Елбасы алдыға қойған міндеттерді басшылыққа ала отырып, оқу және тәрбие үдерісін жаңа инновациялық технологияларға сәйкестендіру, білім берудің сыннан өткен озық тәжірибелерін кеңінен енгізу арқылы әлемдік білім кеңістігіне қарай көш түзеп келеді.
    Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: «Абай атындағы ҚазҰПУ - Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындарының көшбасшысы болуға тиіс» деген нұсқауын басшылыққа алған біз оқу-тәрбие үдерісін жаңа заман талаптарына сәйкес жаңа бағытта үйлестіре отырып, жаңа табыстарға жетіп келеміз. Бұл - университетіміздің профессор-оқытушылар құрамының қажырлы еңбегінің жемісі. Өйткені, бізде өз өмірлерін жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына арнаған ұлағатты, білікті ұстаздар көптеп саналады. Сондықтан осы мереке үстінде барша ұстаздар қауымына зор алғысымды білдіремін.
    Бүгін біздің студентеріміз, бакалавр - 1515, магистранттарымыз - 487, докторанттарымыздың қатары - 36 адамға, барлығы 2000-нан астам жаңа лекпен толығып отыр. Еліміздің әр аймағынан мұғалім мамандығын қалап, үміт жетегінде, арман қанатында келген жас толқынға біздің университетімізді таңдауда қателеспегенін, бізде сапалы және тиянақты білім алуға толық жағдай бар екенін айтқым келеді.
    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті республикадағы педагогикалық жоғары оқу орындарының оқу-әдістемелік және ғылыми орталығы болып табылады. Мұндағы оқу ғимараттары, студенттер аудиториялары, дәріс залдары, зертханалар уақыт талабына толық жауап бере алады. Заманауи техникалық құралдармен жеткілікті қамтамасыз етілген. Арнаулы мультимедиялық кабинеттер, интерактивті тақталар, компьютерлік сыныптар, лингафондық дәрісханалар студенттерге ақпараттар әлеміне еш кедергісіз енуге толық мүмкіндік береді.
    Университеттің педагогикалық және ғылыми қызметі, сондай-ақ білім берудің алдыңғы қатарлы деңгейі төмендегідей құжаттармен расталған: Білім беру қызметіне берілген Мемлекеттік лицензия (2003 ж.); Мемлекеттік аттестация (2003 ж., 2007 ж., 2010 ж.); Институтционалдық аккредитация (2010 ж.); ISO 9000 сапа менеджменті жүйесінің сертификаты (2005 ж., 2010 ж.); ЮНЕСКО халықаралық педагогикалық желіге қосылуы (2006 ж.); «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» ҚР-ның Президентінің сыйақысы (2007 ж.) ASIIN 2 халықаралық аккредитациялық агентігі бакалавриаттың 050110- Физика, 050111-Информатика мамандықтарының білім беру бағдарламаларын 2017 жылдың 30 қыркүйегіне дейін аккредитациядан өткізген Бакалавриат пен магистратураның 10 білім беру бағдарламасы: 5В010900-Математика, 5В011200- Химия, 5В011300-Биология, 5В011600-География, 6М010900-Математика, 6М011000-Физика, 6М011100-Информатика, 6М011200-Химия, 6М011300-Биология, 6М011600-География, ASIIN-нің аккредитациялық процедурасының бірінші кезеңінен өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрлымы 7 институтты, 10 ғылыми-зерттеу институты мен орталықтарды, зертханаларды және 41-ден астам кафедраны қамтиды. Университетте бакалавриаттың 52 мамандығы, магистратураның 52 мамандығы мен жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар, бизнес, гуманитарлық ғылым мен құқық саласындағы Phd докторантураның 30 мамандығы бойынша 6500-ден аса болашақ мамандар білім алуда.
    Бізде студенттерге білікті профессор-оқытушылар дәріс оқиды. Атап айтқанда, профессор-оқытушылар құрамында 183 ғылым докторлары мен профессорлар, 421 ғылым кандидаттары - доценттер, 137 ғылым магистрлері, 13 Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктері мен корреспондент-мүшелері, 37 қоғамдық ғылымдар академияларының академиктері бар.
    Әлемдік білім кеңістігіне ену, білім берудің халықаралық стандартарына сәйкестену үшін халықаралық ынтымақтастықты дамытып келеміз. Қазір Италияның Болон университетінде Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қою арқылы дүниежүзінің беделді университеттерімен әріптестік байланыстарға қол жеткізіп отырмыз. Атап айтқанда, бүгінгі таңда 30 мемлекеттің 115 жоғары оқу орындарымен, халықаралық ұйымдарымен және ассоциацияларымен келісім-шарт бойынша әріптестік қарым-қатынастар жасап келеміз. Біздің университетіміздің базасында ашылған Сорбонна-Қазақстан француз институты биыл екінші жыл талапкерлерді қабылдап отыр.
    Студенттер мен магистранттарымызға дәріс оқып, шеберлік сыныптар өткізу үшін, келісім-шарт бойынша, 2011 жылдан бері бізге 227 шетелдік профессорлар келді. Соңғы үш жылда ғана профессор-оқытушылар алмасу жөнінде шетелдік университеттермен 65 шартқа қол қойылды. Кадрлар даярлау және студенттер мен магистранттар алмасу жөнінде Германияның Фрайбург, Венгрияның Печь, Бельгияның Вридж, Кореяның Кунпук университеттерімен екі жақты келісімдерге келдік.
    Биылғы жаңа оқу жылы еліміздің өміріндегі елеулі оқиғаларға сәйкес келіп отыр. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы қазақ хандығының 550 жылдығы атап өтілмек, Ұлы Отан соғысындағы жеңіске 70 жыл, ҚР Конституциясына, Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толды. Мұның бәрі, сайып келгенде, ел тарихының қадау-қадау кезеңдері болып табылады.
    «5 институтционалдық реформа және 100 нақты қадам» Ұлттық жоспары да - биылғы жылдың елеулі жаңалықтарының бірі. Міне, осы 100 қадамның 76-шы қадамында 12 жылдық білім беру мәселесі, мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту міндеті белгіленсе - бұл екеуі де уақыт талабы деп білеміз. Ал 79-қадамда білім беру жүйесінде жастарды оқытуға кезең-кезеңмен көшіру, даярланатын кадрлардың бәсекелестік қабілетін арттыру міндеттері көзделген. Ендігі жерде осы міндеттерді жүзеге асыруға ұстаз да, шәкірт те - бәріміз де бірдей атсалысуға тиіспіз.
    Оқу орнымыздың табалдырығын жаңа аттап, енді ғана студент атанғалы отырған жас жеткіншіктер! Біздің университетімізде Сіздердің алаңсыз оқып, тиянақты білім алуларыңызға, ғылыммен, спортпен, өнермен айналысуларыңызға толық мүмкіндік бар. Ендігі жауапкершілік Сіздерде. Жақсы оқып, саналы тәртіппен өз қабілеттеріңізді көрсету, туған жерлеріңізге білікті маман болып бару өздеріңізге байланысты. Олай болса, білім жолындағы қадамдарыңызға сәттілік тілеймін!

    Игі тілекпен,

    Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық

     университетінің ректоры, профессор Балықбаев Такир Оспанұлы.

     

     
     
     
    Біз туралы
  • Ректорат
  • Ғылыми кеңес
  • Университет тарихы
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ғалымдары
  • Ректор аппараты
  • Ғылыми институттар және орталықтар
  • Институттар
  • Ректор
  • Басқармалар
  • «ЖОО-ның үздік оқытушысы»
  • Құрылымдық бөлімдер
  • Ұйымдастырушылық құрылым

  • Білім
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Академиялық ұтқырлық
  • РОӘК ОӘБ
  • Тіркеу басқармасы
  • Академиялық саясат
  • Бақылау және бағалау
  • Нормативті - құқықтық құжаттар
  • Талапкерлерге
  • Ережелер мен реттеу құжаттары
  • PhD докторантура
  • Студенттің анықтамалық қолкітапшасы
  • Студенттер өтініштерінің үлгілері
  • Білім беру туралы құжаттар

  • Ынтымақтастық
  • Шетелдегі ЖОО-мен келісімдер
  • Басшылық
  • Шетелдік оқытушылар мен студенттерге
  • ЮНЕСКО педагогика кафедрасы
  • Пайдалы сілтемелер
  • Біз туралы
  • Хабарландырулар
  • Халықаралық бағдарламалар
  • Халықаралық ұйымдар

  • Институттар
  • Тарих және құқық институты
  • Математика, физика және информатика институты
  • Филология және көптілді білім беру инcтитуты
  • Педагогика және психология институты
  • Жаратылыстану және география институты
  • Өнер, мәдениет және спорт институты
  • Жалпы университеттік кафедралар
  • Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)
  • Сорбонна - Казахстан Институты

  • Ғылым
  • Диссертациялық кеңес
  • Абай атындағы ҚазҰПУ-дың жас ғалымдар кеңесі
  • Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары СҒЗЖ
  • Ғылыми шаралар
  • ПОҚ жарияланымы. Қорғалатын құжаттар
  • Ғылыми-зерттеу жұмыстары
  • Ғылыми-инновациялық паркі
  • Ғылыми жобалар
  • «Хабаршы» ғылыми журналы
  • "Ұлттық тәрбие" Республикалық ғылыми көпшілік журналы
  • Ғылыми-әдістемелік журнал "Педагогика және Психология"
  • Ғылыми сапарлар мен тағылымдар
  • ҒӘК Мектеп-колледж-ЖОО

  • Ғылыми кітапхана

    Студенттік өмір
  • Студентер кәсіподағы
  • Жастар ісі жөніндегі комитет
  • «МЕЙІРІМ» қайырымдылық клубы
  • Студентердің ағымдық және аралық бақылауын есепке алу журналы
  • Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы
  • Мәдениет орталығы
  • Денсаулық сақтау пункті
  • Оқу ғимараттары
  • Жатақханалар

  • Түлек
  • Түлектерге арналған ақпарат
  • Жұмыс берушілерге арналған ақпарат
  • Абай атындағы ҚазҰПУ түлектерінің жұмысқа орналасқандығын қуаттау
  • Карьера орталығы
  • Бітірушілер қауымдастығы
  • Бакалавр және магистратура мамандықтары бойынша тәжірибе базалары
  • Ұлттық біліктілік шеңбері

  • Талапкерлерге
  • Ұлттық тестілеу орталығы №1 филиалы
  • Нострификация бойынша құжаттардың тізімі
  • Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау орталығы
  • Бакалавриат
  • Магистратура
  • Докторантура PhD
  • Екінші жоғарғы білімге арналған қабылдау ережесі
  • Шетел азаматтарын қабылдау ережелері
  • Апелляцияға өтініш беру
  • Байланыстар
  • Сорбонна Қазақстан Институтына түсушілерге
  • Емтихан кестелері

  • Даму
  • Абай атындағы ҚазҰПУ рейтингілері
  • Болон процесі
  • ТЕМПУС жобасы
  • Академиялық сараптау
  • Академиялық ұтқырлық

  • Абай Университеті