қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
19.11.2019

«Students Autumn- 2019» студенттік апталығы

 

Студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қоғамдық белсенділіктерін арттыру мақсатында 2019 жылдың 9-16 қарашасы күндері аралығында Халықаралық студенттер күніне орай «Students Autumn-2019» студенттік апталығы өтті.


Апталық аясында «Painstrike» пейнтбол жарысы, «Жас ақындар мүшайрасы», «Who`s the lucky guy» интеллектуалды жарысы, «Мен және менің үйім» жатақханааралық жарыс, «Әзіл Fest» институт аралық КВН ойындары, «Retro Party in Autumn» кеші, жатақханааралық спорттық жарыс, «Екі жұлдыз» институтаралық өнер байқауы, «Жан жылуы» қайырымдылық кеші, «Battle time» киберспорттан институтаралық жарыстары болып өтті. Ұйымдастырылған шараларда студенттер команда болып, институт болып өзара сайысқа түсті.


Студенттік апталық қорытындысы бойынша жарыстар мен сайыстарға қатысып, жеңімпаз атанған командалар мен институттар марапатталды. «Painstrike» пейнтбол жарысы бойынша ІІІ-ші орын иегерлері Педагогика және психология институты, ІІ-ші орынды Сорбонна-Қазақстан институты, І-ші орынды Өнер, мәдениет және спорт инстиутты жеңіп алса, жас ақындар мүшайрасында ақындық өнерімен ерекшеленген Нұрлыбек Бағытұлы ІІІ-ші орынға, Айып Айдар ІІ-ші орынға, Нұрданбек Жасар І-ші орынға ие болды. Сонымен қатар институтаралық «Әзіл Fest» ойындарының жеңімпаздары ІІІ-ші орын иегерлері Өнер, мәдениет және спорт институтының командасы, ІІ-ші орынды жеңіп алған Педагогика және психология институтының «Сенсация» КВН командасы және І-ші орынды жеңіп алған Шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультетінің студенттері марапатталды. Студенттер мен білім алушылар арасында өткен «Екі жұлдыз» өнер байқауында ІІІ-ші орын иегерлері Сорбонна-Қазақстан институтының қатысушылары Қуаныш Алпысбаев пен Таңшолпан Құдайберген, ІІ-ші орынға ие болған Филология және көптілді білім беру институтының жұбы Мұхамеджан Омар мен Гүлден Баяманова және І-ші орынды иемденген Өнер, мәдениет және спорт институтының жұбы Балжан Шораева мен Олеся Хоменко марапатталды. Жатақханааралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары атанған - І-ші орын иегерлері №2 жатақхана, ІІ-ші орын иегерлері №1 жатақхана және ІІІ-ші орын иегерлері №8 жатақхана студенттері марапатталды.


Сонымен қатар, «Retro Party» кешінде ерекше киім үлгісімен ерекшеленген Оңалар Қалибек «Ең үздік киім үлгісі» номинациясымен және «Үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымы» жарысы бойынша жыл көлемінде үздік жұмыс атқарған Жаратылыстану және география институты марапатталды. Ал,«Who`s the lucky guy» интеллектуалды жарысында алғырлығымен айрықшаланған «Cassiopeіa» тобы және студенттік «Айбын» әскери жарысының үздік шыққан Тарих және құқық институтының командасы жеңімпаз атанып, барлық апталық жеңімпаздары университет ректорының арнайы дипломдарымен және ақшалай сыйақымен марапатталды.


Апталық 2019 жылдың 16 қарашасы күні институтаралық «Күз ханзадасы мен ханшайымы - 2019» байқауымен аяқталды. Байқау қорытындысы бойынша ІІІ-ші орынды Педагогика және психология институтының жұбы Арман Туашев мен Камила Мамитханова жеңіп алса, ІІ-ші орынды Математика, физика және информатика институтының қатысушылары Мағжан Ізберген мен Айдана Пазыл ұтып алды. Ал жүлделі І-ші орынды Филология және көптілді білім беру институтының жұбы Әсет Қасымов пен Дильназ Юсупова иеленді. Барлық жеңімпаздар университет ректорының арнайы дипломдарымен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.


Халықаралық студенттер мерекесіне орайластырылған бұл шараға университетіміздің барлық студенттері атсалысып, жоғары белсенділік танытты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


Жастар ісі жөніндегі комитет



166

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler