қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
13.11.2019

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті - еліміздің педагогикалық жоғары оқу орындары арасындағы ғылым көшбасшысы

 

Құрметті әріптестер! Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Web of Science халықаралық ақпараттық-талдамалық платформасының мәліметтері бойынша «Қазақстан Республикасының педагогикалық университеттері арасында соңғы 5 жылда Web of Science Соге Collection бойынша басылымдық белсенділік бойынша көшбасшы» атанып, марапатталғандығы жөнінде қуанып хабарлаймыз.

 

Бұл құрметті марапатты «Clarivate Analytics» халықаралық компаниясы 2019 жылдың 13 қарашасында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетімен бірлесе өткізген «Ғылым көшбасшысы - Web of Science Awards» салтанатты рәсімі барысында университет өкілі - Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық бойынша проректор, профессор А.Т. Құлсариеваға табыс етті. Салтанатты рәсімге Қазақстанның ғылым-білім саласының өкілдері, шетелдік сарапшылар қатысты.

 

Университетте басылымдары бойынша үздік ғалымдар:

- з.ғ. д., профессор Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы;

- з. ғ. д., профессор Хамзина Жанна Амангелдіқызы;

- ф. - м. ғ. д., профессор Бердышев Абдумаувлен Сулейманович;

- ф. - м. ғ. д., профессор Косов Владимир Николаевич;

- ф. - м. ғ. д., профессор Қожамқұлов Болатқан Әбдісағиұлы;

- ф. - м. ғ. д., профессор Купчишин Анатолий Иванович;

- ф. - м. ғ. к., профессор Шоқанов Әділхан Қасымбекович;

- ф. - м. ғ. д., профессор Алдашев Серік Аймұрзаұлы;

- х. ғ. д., профессор Бектуров Есен Әбікенұлы.

 

Университетті беделді марапатымен құттықтаймыз, еліміздің тарихи тұңғыш жоғары оқу орны - Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымына ғылыми-шығармашылық табыс тілейміз!

 

   

 

   



361

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler