қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Даму
  Кітапхана
Студенттік өмір
  Түлек
Ресурстар
  Оқу порталы
Олимпиадалар
 
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

 
Ғылым басқармасы

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне қарасты шаруашылық жүргізуге құқылы Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің» Ғылым басқармасы.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Ғылым басқармасы барлық құрылымдық бөлімшелердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын бақылау мен үйлестіруді қамтамасыз ететін университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Ғылым басқармасы Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі ғылыми және инновациялық іс-әрекеттің тиімділігін арттыру, ғылыми зерттеулерді барынша толық пайдалануды қамтамасыз ету және ғылыми әлеует пен материалдық-техникалық базаны дамыту мақсатында құрылған.

Абай атындағы ҚазҚПУ Ғылым басқармасының қызметі

- ғылым аясындағы мемлекеттік саясатты университетте ұйымдастыруға қатысу және жүргізу;

- ғылымның әлемдік жетістігіне сәйкес ҒЗЖ мен СҒЗЖ-ның жан-жақты дамытуын қамтамасыз ету;

- кафедрлар, факультеттер, институттар, ҒЗИ-лар, орталықтар мен зертханалардың ғылыми іс-әрекетін бақылау және үйлестіру;

- университет қызметкерлері мен ПОҚ ғылыми жарияланымдарының сапасын арттыруды ұйымдастыру және бақылау (импакт-факторлы және рейтингісі жоғары журналдарда және т.б.);

- университет қызметкерлері мен ПОҚ орындайтын ғылыми зерттеулер нәтижелеріне қорғалатын құжат алуды ұйымдастыру және бақылау;

- университеттің және оның барлық құрылымдық бөлімшелерінің  ҒЗЖ мен СҒЗЖ жоспарларының орындалу барысын үйлестіру және бақылау;

- университет қызметкерлері мен ПОҚ-ның түрлі деңгейдегі ғылыми жобалар байқауына қатысуын ұйымдастыру және бақылау;

- ҚР БҒМ бекіткен, университеттің  халықаралық және республикалық ғылыми шараларының өтілу барысын ұйымдастыру және бақылау;

- студентік ғылыми үйірмелер іс-әрекетін үйлестіру және бақылау;

- түрлі байқаулар, олимпиадалар, ғылыми конференцияларға және т.б. магистранттар мен студенттердің қатысуын ұйымдастыру және бақылау.