қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
11.11.2019

Дөңгелек үстел

«Білім алушыларға бейіндік даярлауды ұйымдастырудағы кәсіби бағдар жұмыстарының перспективалары»

 

2019 жылдың 8 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі (ЖБТ) Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетімен бірігіп «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығында «Білім алушыларға бейіндік даярлауды ұйымдастырудағы кәсіби бағдар жұмыстарының перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты - кәсіптік бағдар беру мәселелерін және мамандық таңдау әлемінде білім алушылардың өзін-өзі анықтауы мәселесін талқылау.

 

Дөңгелек үстелді кіріспе сөзбен «Kazbrends» менторы, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Мәншүк Құсайынова ашты. Кездесуге жұмыс берушілер қатысты және «Кәсіби бағдар беру жұмыстарының моделі» тақырыбында Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры Төлебике Күлгелдинова, «Мұғалімнің кәсіби әлемде тұрақталуы» тақырыбында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығы директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстары бойынша орынбасары Толқын Әуелғазина, «Әлеуметтік желілер кәсіби бағдар беру құралы ретінде» тақырыбы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмахан Әуесбекұлы, «Оқу орындарындағы кәсіби бағдар жұмыстарының қазіргі заманғы тенденциялары» тақырыбында Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы Бауыржан Жанкушков, «Кәсіби бағдар берудің психологиялық негіздері» тақырыбында Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясы комиссиясының төрағасы, сарапшы, философия ғылымдарының PhD докторы, Ғани Бейсембаев баяндама жасады.

 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жұмыс берушілер тарапынан ұсыныстар жасалды:

1. Талапкерлерді тарту мақсатында жоғары оқу орындарының сайтында студенттер өмірі туралы ақпараттар көбірек көрсетілуі қажет;

2. Жоғары оқу орындары мен мектеп арасында тығыз қарым-қатынас орнату;

3. Білім беру мекемелерінде педагог-психолог қызметін үйлестіретін нормативті құжаттар даярлау қажет.

 

   

 

   

 

РОӘК ОӘБ



165

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler