қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
11.11.2019

«Жаңа гуманитарлық білім. қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

жобасы аясындағы кездесу

 

2019 жылдың 8 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында «Ұлттық аударма бюросы» Қоғамдық Қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының қатысуымен қазақ тіліне аударылған жаңа оқулықтардың тұсау кесер іс-шарасы өткізілді. Іс-шара университеттің «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен өтті.

 

Кездесуге Алматы қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық офисі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, С.Демирел университетінің өкілдері қатысты.

 

Рауан Кенжеханұлымен бірге Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Рухани Жаңғыру» гуманитарлық зерттеулер орталығының жетекшісі Ханкелді Абжанов, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің кітапхана - ақпараттық орталығының директоры Рахила Жүнүсалиева, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторантары Даурен Сағынғалиев, Акрам Ахунов және оқытушы Кұралай Кантаева сөз сөйледі. Сөз сөйлеушілер білімді, және білікті, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды даярлау үшін аударылған оқулықтардың қажеттілігін атап өтті.

 

Кездесу іскерлік сындарлы жағдайда өтті. Кездесу барысында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында қазақ тіліне аударылған оқулықтардың көрмесі ұйымдастырылды.

 

   

 

   

 

   

 



160

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler