қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
11.11.2019

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (Мәскеу қ .)

 

2019 жылдың 5-6 қарашасында Мәскеу қалалық педагогикалық университетінде Ресей іргелі зерттеулер қоры мен Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының ұйымдастыруымен «Дарындылық және шығармашылық психологиясы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Әріптестердің шақыруы бойынша бұл конференцияға Абай атындағы ҚазҰПУ өкілдері жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі, профессор Ақмарал Сатова және Музыкалық білім беру және хореография кафедрасының профессоры Лора Нәрікбаева қатысып қайтты.

 

Конференция дарынды және шығармашылық психология саласындағы жетекші мамандардың іргелі ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін талқылауға, бірлескен тәжірибелік зерттеулер жүргізуге шетелдік зерттеушілерді тартуға бағытталған.

 

Конференцияға Ресейде білім беру академиясының, Мәскеу педагогикалық университетін, Ресейдің басқа да жоғары оқу орындары мен жалпы және қосымша білім беру ұйымдарының өкілдері, Англия, Италия, Болгария, Белоруссия, Қазақстан, Якутия, Моңғолия елдерінің өкілдері қатысты.

 

Конференция дарынды және шығармашылық саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту туралы қарар қабылданды. Конференция материалдарының электрондық нұсқасы жарияланды (elibrary.ru, РИНЦ). Сонымен қатар қатысушыларға сертификаттар, дарындылық саласында естелік кітаптар табыс етілді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Музыкалық білім беру және хореография кафедрасы



143

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler