қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Сманов Бақтияр Өрісбайұлы

Сманов Бақтияр Өрісбайұлы

Академик С.Кирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі


СМАНОВ Бақтияр Өрісбайұлы - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің профессоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, Халықаралық педагогикалық білім беру ғылым академиясының (Ресей) және Еларалық Айтматов атындағы академияның (Қырғызстан) академигі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, «Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы»     журналының (Филология ғылымдары сериясы) Бас редакторы, «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының редакциялық алқа мүшесі.

БАҚТИЯР ӨРІСБАЙҰЛЫ СМАНОВ-  қазіргі Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысының Бостандық ауданындағы «Жаңа ауыл»            ауылында туған. Орта мектептен соң 1968 жылы Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1973 жылы бітірген; Ы.Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары институтының аспирантурасын, КСРО Педагогика ғылымдары академиясының Басшы кадрлар біліктілігін көтеру институты Жоғары курстарын тәмамдаған.


Университетті бітіргеннен кейін мектеп мұғалімінен бастап, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Министрлер Кабинеті, Үкімет Аппараттарындағы жауапты қызметтер деңгейіне дейін әртүрлі басшылық жұмыстар атқарған. Білім министрінің кеңесшісі, Жалпы орта білім Бас басқармасының бастығы, министрліктің алқа мүшесі, бірнеше бөлімдердің басшысы қызметтерін атқара жүріп, 1991 жылы Мәскеуде «Қазақ орта мектебінің жоғары сыныптарында кейіпкер бейнесін талдау»атты тақырыпта кандидаттық, кейіннен Алматыда «Мектепте көркем шығарма талдаудың ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде доцент, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде филология, тарих-филология, дайындық (диаспора) факультеттерінің деканы, Алматы облысы мамандар кәсібін дамыту институтында кафедра меңгерушісі, Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын Республикалық институт директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Аппарат жетекшісі қызметтерінде болған.


Қазір Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі  болып еңбек етеді. Ол жалпы жиыны 400-ге тарта ғылыми еңбектердің  авторы (оның ішінде 7 монография, 15 оқулық,  оқу-әдістемелік құралдары бар).

 

 

Академик Бақтияр Сманов Қазақ КСР халық-ағарту ісінің озық қызметкері, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін төсбелгілерінің, Ы.Алтынсарин, «Қазақстан Конституциясына - 20 жыл», Халықаралық Түрксой ұйымының С.Қадышев, «Бәйтерек-Келдібек» қоғамдық қорының «Ерен еңбегі үшін» медальдарының иегері, Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың лауреаты.

 

 


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler