қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
25.10.2019

Министрдің бастамасы қолдау табуда

 


 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жуырда еліміздегі жоғары оқу орындарының ректорларына 2020 жылдың 10 қаңтарына дейін профессор-оқытушылар құрамының жалақысын көтеруді тапсырған болатын.

 

Бүгінде министрдің тапсырмасын орындау аясында бірқатар жоғары оқу орындарының басшылары әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында бұл бастаманың педагогтар үшін маңыздылығын атап көрсетіп, жалақының көтерілетіндігі туралы хабарлауда.

 

Бұл туралы Қазақстандағы педагогикалық жоғары оқу орындарының көшбасшысы - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев Facebook, Instagram парақшаларында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың бастамасының өте маңызды және уақытылы қадам екенін жазған.

 

«Заманауи университет қызметінің маңызды бағыты - жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамын қалыптастыру. Білім сапасын арттыру және педагогтарымызға қолдау көрсету мақсатында 2019 жылдың қаңтарында Абай атындағы ҚазҰПУ-да оқытушылардың жалақысы орташа есеппен 26 пайызға көтерілген болатын. Жоғары көрсеткіштерге жеткен оқытушыларымызға қосымша үстеме ақы төленуде. 2019 жылдың желтоқсанында профессор-оқытушылар құрамның жалақысын тағы да көтеру жоспарланып отыр» -деп жазды ректор Такир Балықбаев Facebook парақшасында.

 

 

Әрине, педагог мамандарымызға деген министрлік пен ЖОО тарапынан көрсетілген қолдау оқытушыларымызды жаңа жетістіктерге ынталандырып ғана қоймай, білім сапасын көтеруге ықпал ететіндігі сөзсіз.

 

 

25.10.2019 ж.

Ақпарат көзі: bilim.expert



395

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler