қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
30.06.2014

«Қазақстанның қазіргі полиэтникалық кеңістігінде жастарды тәрбиелеу мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция

2014 жылдың 28 ақпаны күні «Қазақстанның қазіргі полиэтникалық кеңістігінде жастарды тәрбиелеу мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференция жұмысына с.ғ.к., профессор, Абай ат. ҚазҰПУ тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Е. Ішпекбаев, п.ғ.д,. профессор С.М. Кеңесбаев, Жалпы педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.М. Баймолдаев, п.и.к., профессордун м.а., Ж.Баласагын атындағы КУУнун ПКМДИсинин директору (Кыргыстан) Р.Т. Сулайманова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Л.М. Нарикбаева және п.ғ.к., доцент Қ.М. Омаров қатысты.

Конференцияда қазіргі кездегі жастарды тәрбиелеудің өзекті мәселелері, жастарды көшбасшылыққа тәрбиедеудің әдіс-тәсілдері, жоғары оқу орны студенттерінің этникааралық бейімделуінің әлеуметтік аспектілері, мәдениаралық коммуникацияның теориялық және әдіснамалық негіздері төңірегіндегі мәселелер қарастырылды.

 




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler