қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
30.06.2014

2014 жылдың 12 ақпаны күні Тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы және Сауықтыру дене мәдениеті кафедрасының бірлесе ұйымдастыруымен жастар арасында «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын кеңінен насихаттау, Сочи қаласындағы ХХІІ қысқы Олимпиадасына қатысатын қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету, жастардың бойында саламатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Мәңгілік ел болашағы - саламатты жастар» атты қысқы ойын түрлері бойынша жарыс өткізілді.

 

 

Аталған жарыста ұлдар мен қыздар арасында шаңғымен жүгіру, аққала жасау, нысанаға қар ату, шана жарыс бойынша спорттық ойындар ұйымдастырылды.
Жарысқа қатысқан студенттер төмендегідей нәтижелерге қол жеткізді:
Шаңғыдан 400 м жүгіруден ұлдар арасындағы жарыс бойынша:
1. І орын Өнер, мәдениет және спорт институтының 2 курс студенті Керімбек Дәулет.
2. ІІ орын Жаратылыстану және география институтының 3 курс студенті Тұрысбеков Арнат.
3. ІІІ орын Өнер, мәдениет және спорт институтының 2 курс студенті Жаманқара Самат.
Шаңғыдан 400 м жүгіруден қыздар арасындағы жарыс:
1. І орын Құқық және экономика институтының 2 курс студенті Қайырбек Алтын.
2. ІІ орын Жаратылыстану және география институтының 1 курс студенті Қожамберді Ұлжан.
3. ІІІ орын Жаратылыстану және география институтының 1 курс студенті Шаншарова Үрзада.
Қыздар арасындағы нысанаға қар ату жарысы бойынша:
1. І орын Математика, физика және информатика институтының студенті Нұрмахан Гүлмарал.
2. ІІ орын Жаратылыстану және география институтының студенті Айязбек Айдана.
3. ІІІ орын Жаратылыстану және география институтының студенті Жұмажан Жанар.
Ұлдар арасындағы нысанаға қар ату жарысы бойынша:
1. І орын Өнер, мәдениет және спорт институтының студенті Сәрсенов А.
2. ІІ орын Жаратылыстану және география институтының студенті Нұрмухамметұлы Н.
3. ІІІ орын Тарих факультетінің студенті Ешнияз Қазбек.
Жарыс қорытындысы бойынша Студенттік Кәсіподақ ұйымының тарапынан жеңімпаздарға грамота және бағалы сыйлықтар тапсырылды.




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler