қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
24.10.2017
ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК 

Алматы қаласы әкімінің «Жалпықалалық сенбілік өткізу туралы» қаулысына сәйкес ағымдағы жылдың 21 қазанында қала көшелері мен аумақтарын, көпшілік демалатын орындарды, арық жүйелерін, өзен арналары мен жағалауларын қоқыстан тазарту мақсатында жалпықалалық сенбілік өткізілді.
Аталған сенбілікке қоғамдық және мемлекеттік ұйымдармен қатар университетіміздің ұжымы да атсалысып, 800-ден астам білім алушылары сенбілікке қатысты. Медеу ауданы әкімдігімен бекітілген 8 аумақта атап айтқанда, Тіксай өзені, «Достық» сквері, Кіші Алматы өзені жағалауы бойымен тазалау жұмыстары толықтай жүргізілді. Сонымен қатар сенбілікке қатысушылардың басым бөлігі университетіміздің аумағында орналасқан 28 гвардияшыл-панфиловшылар саябағын жапырақтардан тазарту жұмыстарына жұмылдырылды.
Әсем қаламыздың тазалығы мен көркін келтіру мақсатында ұйымдастырылған бұл сенбілікке ұжымдық бірлікте атсалысқан профессор-оқытушыларымыз бен жастарымызға алғысымыз шексіз.

 


 

 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және

жастар саясаты жөніндегі

департамент




Кері оралу

 
 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler