қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
10.10.2019

Ұстаз моделін қалыптастырудағы тиімді тетіктер мен ұтымды ұмтылыстар

 

2019 жылы 8 қазан күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ректор Такир Балықбаев, бірінші проректор Мақтағали Бектемесов, оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев және Қоғамдық педагогикалық шеберлік академиясының жетекшілері, мектептің волонтер-мұғалімдері мен белсенді студенттерінің қатысуымен «Ұстаз моделін қалыптастырудың тиімді тетіктері мен ұтымды ұмтылыстар» тақырыбында дөңгелек үстел басында кездесу өткізілді.


Еркін конструктивті сұхбат форматында өткізілген кездесу барысында болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын жоғарлатудағы инновациялық идеялар, тиімді тәжірибелер және педагогикалық континуум мәселелері қызу талқыланды. Педагогикалық шеберлік академиясының атқарылған жұмыстарының нәтижелілігі жан-жақты қарастырылып, перспективалық бағыттары айқындалды.

 

   

 

  

 

 

Педагогикалық шеберлік академиясы



285

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler