қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
08.10.2019

«Ұстаз - біздің мақтанышымыз»

 

2019 жылы 7 қазан күні Педагогикалық шеберлік академиясының белсенді ерікті-студенттері және ерікті-мұғалімдері қазан айының алғашқы жексенбісі «Ұстаз - біздің мақтанышымыз» мерекелік кешін «Ваниль» анти-кафесінде атап өтті.


Іс-шараның мақсаты - студенттердің оқытушылық мамандыққа деген ынтасын арттыру, таңдаған мамандығына деген құрмет пен мақтаныш сезімін дамыту.

 

Мерекелік іс-шараны Педагогикалық шеберлік академиясының өкілдері Айман Берікханова, Саят Ибраимов, Нұржан Абзеров ашты. Педагогикалық шеберлік академиясының бөлімдері бойынша сабақ беретін ерікті-мұғалімдеріне сөз беріліп, құттықтаулары айтылды.

 

Кеш барысында ерікті-студенттер өз тілектерін айтып, домбыра шертіп, жыр-шумақтарын тарту етіп, түрлі бағыттарда ойын ойнап, өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік кеш өз мақсатына жетіп, күтілген нәтиже өз деңгейінде өтті.

 

   

 

   

 

  

 

Педагогикалық шеберлік академиясы



244

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler