қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
23.09.2019

Поляк ғалымдары Абай атындағы ҚазҰПУ проректорымен кездесті

 

2019 жылдың 20 қыркүйегінде Польша делегациясы ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор, профессор Ақтолқын Құлсариевамен кездесті. Қонақтарды Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сәуле Әбішева таныстырды.


Кездесуге Лодзь университеті Ресейтану институтының директоры, профессор Ярослав Вежбинский қатысып, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының магистранттары мен докторанттарына дәрістер оқыды.


Сонымен бірге Абай атындағы ҚазҰПУ магистратура және докторантура институтының бұрынғы түлегі, қазір Польшада жұмыс істейтін PhD докторы Иван Смирнов Лодзь қаласы делегациясының атынан қатысты.


Кездесуге жуырда университеттің шақыруымен Слупск қаласындағы Померания академиясынан келген поляк докторант Пани Дорота Сметана-Болвако қатысты. Ол алты ай бойы орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтеді, университетте өткізілетін сабақтарға, ғылыми іс-шаралар мен конференцияларға қатысады.


Әңгімеге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бакалавриат және магистратура бағдарламаларының түлегі, ал қазір Слупск қаласындағы Абай атындағы қазақ мәдениеті мен ғылымының үйлестірушісі болып қызмет істеп жүрген Максим Пономаренко қатысты.


Проректор Ақтолқын Құлсариева халықаралық ынтымақтастықты ғылыми негіз және білім алмасу тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар мәдениеттер мен қарапайым адамдар арасындағы диалогты дамыту арқылы өрістетудің маңыздылығына тоқталды.

 

 

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы

 



341

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler