қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.04.2012

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

 

Ақпараттық хат

Құрметті әріптестер!

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультеті «Отан тарихы және тарихты оқыту әдістемесі» кафедрасы  Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздердің 20 жылдық  мерейтойына арналған «Қазақстанның мемлекеттік рәміздері: тарихы және қазіргі кезең»атты ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Өткізілетін уақыты:  2012 жыл 26 сәуір сағат 1000-де

Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі 25, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың конференц-залы, 2 қабат.

Конференция аясында қаралатын мәселелер төмендегі секциялар бойынша жүргізіледі.

 

1.     «Мемлекеттік рәміздер»:

-         Мемлекеттік рәміздердің қазіргі кездегі және қоғамдағы маңызы.

-         Мемлекеттік рәміздер: тарихи зерттеулер.

-         Мемлекеттік рәміздердің жасалу және қолдану мәселелері: тарихи тәжірибие және қазіргі практика.

 

2.     «Жастарды патриоттық тұрғыдан тәрбиелеудегі мемлекеттік рәміздердің маңызы»:

- Жоғарғы оқу орындарында, арнайы орта және орта мектептерде, мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік рәміздерді оқыту.

- Қазақстан Республикасы мен көрші мемлекеттердегі патриоттық тәрбиенің ерекшеліктері мен сабақтастығы.

- Мемлекеттік рәміздерді уағыздаудағы мемлекеттік Һәм жеке кәсіпорындардың үлесі.  

 

3. «Геральдикалық зерттеулер»:

- Геральдика мен тарихи қосалқы пәндердің ара қатынасы.

- Геральдиканың даму тарихы. Геральдиканың ақпараттық, ғылыми тұрғыдан жүйелеу.

 

Конференцияға қатысу үшін 2012 жылдың 23 сәуіріне дейін өтініштер мен мәтін тезистерін мына мекен-жайға: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі 25, Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих факультеті 713 кабинетіне жолдауларыңызды сұраймыз.

Конференцияға қатысу үшін өтініш формасы

Аты-жөні;

Ғылыми атағы, лауазымы;

Ел, аймақ, қала;

Ұйым, ЖОО;

Секцияның аталуы;

Хабарлама тақырыбы, баяндама;

Байланыс телефондары және қатысушының Е-mail

Ұйымдастыру комитетінің телефондары: 8 (727) 291-78-24, 291-27-47, 291-03-09. otech.history@mail.ru

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын.

Мәтіннің безендірілу тәртібі:

Мақала, баяндамаларды 23 сәуірге дейін жариялау үшін конференцияның ұйымдастыру комитетіне мәтінді төмендегідей талаптар бойынша ұсынуды сұраймыз: «Times New Roman» және «Times New Roman KZ» шрифтімен, 14 кегель, бір интервалмен. Парақ параметрлері: жоғарғы және төменгі жағынан  - 2 см, сол жағы - 3 см және оң жағы - 1 см.

Автордың аты-жөні жартылай қою шрифтімен (жоғарғы оң жақ бұрыштан) жақшаның ішінде ғылыми атағы, ғылыми лауазымы, қызметі, қатынасушының жұмыс орны. Баяндама тақырыбы жартылай қою шрифтімен ортада. Мәтін стилистикалық, техникалық және ғылыми редакциялануы тиіс. Мақала мәтіні біркелкі әріптермен 1,25 см азат жолымен безендіріледі. Мақала мәтіні сілтеме мәтінінің соңында тәртіп бойынша, негізгі мәтінге орай түйін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде. Мәтін редакциясы, материалдың фактілік сәйкестілігінің жауапкершілігі авторға (авторлық бірлестікке) жүктеледі. Редакция ұсынған материалдарды рецензиялалмайды.

Тезис көлемі 5 бетке дейін, мүмкіндігінше соңғы бет толықтай толтырылса. Баяндама мәтіні басып шығарылған және файлы көрсетілген электронды нұсқада ұсынылуы қажет. Файылдың атауында автордың аты-жөні мен секция номері көрсетілуі керек. Мәселен: «Малеев_1секция». Конференция материалдары жеке басылым ретінде жариялау көзделіп отыр. Басылымның шығындары үшін ұйымдастыру жарнасы - 2000 теңге.

Барлық жолсапар шығыны жіберіліп отырған жақтың есебінен.

Ұйымдастыру комитеті өз уақытынан кешіктіріліп жіберілген баяндамалар өтініштерін, тақырыбы конференцияның  ғылыми деңгейіне, көрсетілген талаптарға сәйкес безендірілмегендерді алып тастау құқығын өзінде қалдырады.

 



385

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler