қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
08.08.2019

Алматыда медиаторлар барлық ниет білдірген азаматтарға кеңес берді 

 

Алматы қаласы Әуезов аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығында қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік саласындағы медиацияны дамыту мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы «Республикалық бірыңғай медиация күні» акциясын өткізді. Іс-шара Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының қолданысқа енгізілуіне байланысты (2011 жылғы 5 тамыз) өтті.


Акция аясында өткізілген Ашық есік күнінде Ассамблея медиаторлары барлық мүдделі азаматтарға кеңес берді.
Іс-шараға республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділері, Алматы қалалық, аудандық сот және кәсіподақ өкілдері, Алматы қаласының «Нұр Отан» ХДП және медиация орталықтарының өкілдері, Алматы қаласының прокуратура органдарының қызметкерлері, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің және Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының ҚХА кафедрасы қызметкерлері, кәсіби және қоғамдық медиаторлары қатысты.


«Қазіргі таңда жергілікті атқару орындарында 20 кәсіби емес медиатор тіркелген, оның 13-ші Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкерлері.


2015 жылдың 23 желтоқсанынан бері қаладағы «Достық үйінде» медиация кабинеті жұмыс істеп келеді» - деді Алматы қалалық ҚХА-ның Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Ахметжан Шардинов. Сөз кезегі іс-шара модераторы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қазақстан халқы ассамблеясы кафедрасының ғылыми қызметкері Болысбек Батталхановқа берілді. Болысбек Батталханов іс-шараға келгендерге медиацияның мағынасын, мақсатын және маңыздылғын түсіндіріп, медиативтік келісімдерді жасау мен медиация үрдісінің кезеңдері туралы ақпарат берді.

 

Шара барысында медиация көмегіне қызығушылық танытқан қала тұрғындары барлық сұрақтарына жауап алды.

 

 

   

 

   

 

 



121

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler