қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
26.06.2019

Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасы түлектерінің аллеясы


2019 жылдың 24 маусымы күні Шетелдік азаматтарға арналған жəне ЖОО дайындық (Foundation) факультетінде бітірушілер аллеясының ашылуы болды.


Шетелдік студенттер - бакалавр мен магистратураны бітіруші түлектер оқу корпусының жанына шырша ағаштарын отырғызды. Әрбір ағаштың алдына ҚХР, Корей Республикасынан, Тәжікстаннан, Мадагаскар Республикасынан, Гана Республикасынан, Нигерия Республикасынан, Венесуэла Боливариан Республикасынан келген түлектеріміз туралы тақтайшалар қойылды.


Аллеяның ашылуына Абай атындағы ҚазҰПУ түлектер Қауымдастығының атқарушы директоры Болатбек Нұрбатыров, факультет деканы Ғалия Таубаева, Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Сəуле Бегалиева, кафедраның оқытушылары мен шетелдік студенттер қатысты. Дәстүрлі лентаны қию құрметіне Абай атындағы ҚазҰПУ түлектер Қауымдастығының атқарушы директоры Болатбек Нұрбатыров пен Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасының меңгерушісі Сəуле Баязовна ие болды.


Болатбек Нұрбатыров, Ғалия Таубаева, Сəуле Бегалиева құттықтау сөз сөйледі. Сонымен қатар, 4 курс студенті У Кэсинь түлектердің атынан Абай университетіне, оқытушылардың берген білімі мен жүрек жылуына Қазақстан берген өмірлік сабақтар үшін алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)

 



695

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler