қазақша · русский · english
Біз туралы
Білім
  Халықаралық ынтымақтастық
Институттар
  Ғылым
Ғылыми кітапхана
  Сорбонна - Казахстан Институты
Оқу порталы
  «Univer» жүйесі
 
 
Талапкерлерге



Магистратура
және PhD

   Главная / Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы

Ермағанбетов Мүбарак Ермағанбетұлы

Химия ғылымдарының докторы, профессор


1976 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген. Ғалым-химик, химия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының және Қазақстан Жоғары мектебі Ұлттық академиясының академигі.
Органикалық синтез және жоғары молекуларлық қосылыстар химиясы саласындағы белгілі ғалым. Қазақстан мен жақын және алыс шетелдерде жарияланған 180-нен астам ғылыми жұмыстардың авторы. Жаңалықтарға, патенттерге және алдын-ала патенттерге берілген 24 куәліктің иегері.
1978 жылдан бастап В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында (қазіргі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) жұмыс істеді. Ассистенттен профессорға, кафедра меңгерушісіне дейінгі өсу жолынан өтті.
1983 жылы химия ғылымының кандидаты дәрежесін, 2001 жылы 02.00.06 - «Жоғары молекуларлық қосылыстар химиясы» мамандығы бойынша докторлық диссертация қорғады.
Ұлыбританияда, Жапонияда, Германияда, Италияда, Қытайда, Кипрде, Түркияда және басқа да елдерде өткен ірі халықаралық форумдарда баяндамалар жасаған.
Профессор М.Ермағанбетовтың жетекшілігімен 3 кандидаттық және бір докторлық диссертация қорғалды.
М.Е.Ермағанбетов Еуроодақтың «ТЕМПУС-ТАСИС» бағдарламасы бойынша Лаквилла (Италия) Университетімен, Лондон (Ұлыбритания, UCL) университетінің колледжімен және Қазақ Ұлттық техникалық университеті арасындағы Халықаралық жобаның жауапты атқарушысы.
Осынау жемісті жұмыстың нәтижесінде Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ондаған студенттері мен оқытушылары үш жыл бойы (1996-1998) Еуропаның үздік университеттерінде оқып келді.
2008 жылдың сәуірінде М.Е.Ермағанбетов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші проректоры болып тағайындалды.
Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дің «Айрықша еңбегі үшін» төсбелгісімен (2003), ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалімен (2009), ҚР Білім және ғылым саласы қызметкерлері кәсіподағының күміс медалімен (2011) және  Ыбырай Алтынсарин медалімен (2017) марапатталған.

 

 


← Кері оралу