қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
13.06.2019

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен болашақ педагогтардың білім сапасын басқару технологиясы жөніндегі семинар

 

2019 жылдың 13 маусымында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Педагогикалық білім берудің заманауи тендтері» Жазғы мектебі аясында екі сессия бойынша семинар өткізілді.

 

Семинардың «Рухани Жаңғыру. Адами құндылықтарды рухани жаңғырту» тақырыбындағы бірінші сессиясын Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары Қазына Бекбенбетова мен Жас ғалымдар Кеңесінің төрағасы Руслан Сейтказиев жүргізді. Сессияға институт директорларының тәрбие істері жөніндегі орынбасарлары, оқытушылар, эдвайзерлер, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент қызметкерлері, магистранттар мен докторанттар қатысты. Семинар жұмысында қатысушылар азаматтық, ұлттық, рухани құндылықтар туралы өзара ой бөлісіп, тақырып бойынша пікір алмасу болды.


13-14 маусымда өткізілетін «Педагогикалық ЖОО студенттерінің білім сапасын басқару технологиясы («БжС» технологиясы)» тақырыбындағы сессия жұмысын Жазғы мектепті ұйымдастырушылардың шақыруы бойынша «Биоақпараттандыру және синергетика» педагогикалық технологиясының авторы Федор Вассерман жүргізді. Сессияда педагогикалық ЖОО-да оқу үдерісін басқару мәселелері, заманауи білім беру технологиялары тұрғысынан тиімді оқыту әдістері қарастырылды. Болашақ педагогтардың білім сапасын басқару технологиясы жөніндегі сессияда қатысушылар автор ұсынған материалдарға қызығушылық білдіріп, студенттерді, яғни болашақ педагогтарды интерактивті оқытуға мүмкіндік берудің тиімді жолдарын атап өтті.


«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен болашақ педагогтардың білім сапасын басқару технологиясының өзекті мәселелері талқыланған семинарда қатысушылар сұрақтарына жауап алу және пікір алмасу мүмкіндігіне ие болды.

 

   

 

   

 

  



685

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler