қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
13.06.2019

Ардақты ұстазға арналған турнир

 


 

«Өлі риза болмай, тірі байымайды» - деген аталы сөз бар халқымызда. Артына ізгі із қалдырған жандардың аруағына құран бағыштап, игі шаралармен еске алып отырудың мәні зор. Жуыр­да ұрпақ тәрбиелеуде өлшеу­сіз үлес қосқан аяулы ұс­таз, Қазақ КСР оқу-ағарту ісінің үздігі, Ұлы Отан соғы­сының ардагері Орда­бай Сәдібековтың 100 жылды­­ғына орай ұлы, белгілі спорт журналисі Ақын Орда­байұлының ұйымдас­тыруымен шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында респуб­ликалық ашық турнир болып өтті.

 

Жарысқа тоқталмас бұ­рын, Ордабай Сәдібеков ту­ра­лы аз-кем айтып өткен жөн болар. Ордабай Сәді­бековтың балалық, жастық шағы ХХ ғасырдағы түрлі нәу­беттермен қатар келді. Ашаршылықтан аман өтіп, 1939 жылы әскерге алынды. Фин-Кеңес соғысына, фа­шистік Германияға және Жапон милитаризміне қарсы соғыстарға қатысып, майдан­да ерлік көрсеткен. Туған елге жеңіспен оралғаннан кейін 1948-1951 жылдары қа­зіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универ-ситетінде оқыды. Оқу орнын тәмәмдаған соң Жамбыл облысы Қордай ауданы Ирсу, Ворошилов елді-мекендерінде ауыл бала­ларын оқытып, еңбек жолын бас­тады. Табаны күрек­тей 45 жылдық қызмет­те қадірлі мұғалім, ұлағатты ұстаз ретінде талай шәкірт тәрбиелеп шығарды. Олар­дың көбі бүгінде еліміз­дің әр саласының майтал­маны.


Тәжірибелі ұстаздың жас буынға білім беруде педа­го­ги­ка­ның соңғы жаңалық­тарын шебер пайдаланып, қалтқысыз қызмет етуі елеусіз қалмады. Аудан көлемінде үздік атанды. Қазақ КСР Оқу ағарту ісінің үздігі атағын еншіледі. Қордай ауданының құрметті азаматы атанғаны да бар. Соғыстағы ерлігі үшін алған орден-медальдері өз алдына бір төбе.

 

Ордабай Сәдібеков жыр алыбы - Жамбылдан бата алған. Алатаудың бұлбұлы - Кенен Әзірбаевпен бір ауылда бір ауаны жұтып, етене жақын араласқан. Жеті баланы қатарға қосып, үлгілі етіп өсірді. Бәрі де зиялы азаматтар. Ал бүгінде сексеннің сеңгіріне келген зайыбы Рәпия Халықова қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш киномеханик. КСРО киномотографиясының үздігі. Бақытты ананың омы­рауында «Құрмет белгісі», «Октябрь революциясы» ор­деньдері жарқырайды. Орда­бай ақсақал, жасы тоқ­санға таяған шағына дейін са­ламатты өмір салтын ұстанған екен. Ардақты ұс­таз­дың құрметіне спорттық жарыстың ұйымдастырылуы да содан.


Сонымен турнирге тоқ­талсақ. Республикалық ба­сы­лым­дарда қызмет ете­тін қаламгерлердің басын қосқан турнир Алматы Орта­лық саябағындағы «Спар­­так» стадионында өтті. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универ­си­те­тіне қарайтын стадион бір кездері тозығы жетіп, аянышты жағдайда болған-ды. Білім шаңырағының басшы­лығына Такир Балық­баевтың келуімен стадион күрделі жөндеуден өтіп, көрген көз тоярлықтай жа­ңаша кейіпке енді. Бәсекені тамашалауға келген оқу орнының ректоры, педо­гогика ғылымдарының докторы, профессор Такир Оспанұлы Балықбаев, Қазақ спорт журналистикасының майталмандары, белгілі ком­мен­таторлар Рабат Жәнібек, Диас Омаров, кикбок­сингтен Еуропа чемпионы Елмұрат Қайып­жанов, Алматы об­лысы Денешы­нықтыру және спорт басқар­масының аты­нан келген өкіл Дәурен Үш­кем­піров сынды қадірлі қонақтар ақ тілектерін арнап, жарыс шымылдығын ашып берді.

 

Турнирде 10 команда 2 топқа бөлініп сынға түсті. Финалда турнир иесі­нің туған ауылының «Ке­нен-1» командасы мен «Қалам­гер» журналистер құрама­сы кездесті. Екі коман­да да финалға дейінгі кез­де­сулерінің барлығын же­ңіспен аяқтап, тартысты ойын­­дары­мен көрермен кө­зайы­мына айналған бола­тын. Сондықтан да ақтық ойынның аса тартысты өтетініне күмән болмады. Солай болып шықты да. Жа­нарбек Әшімжан, Жан­дос Айтбайұлы, Оңғар Қаб­денов сынды танымал журна­лис­терден құралған тісқаққан ойын­шылар командасы жеңіс үшін барын салды. Деген­мен ауданаралық сайыс­тарда қарсыластарын сан соқ­тырып, жеңіспен желпініп жүрген Айдар Әуезтайұлы сынды ауыл спортының саңлақтары жұп құраған Кенен-1 командасы 2:1 есебімен жеңіске жетіп, ай­тулы турнирдің бас кубогін иеленді. Жанарбек Әшім­жан бастаған «Қалам­гер» командасы екінші, «Абай атындағы «ҚазҰПУ» командасы үшінші сатыдан көрінді. «Қаламгер» команда­сының ойыншысы Диас Қап­жаппаров турнирдің «Ең үздік ойыншысы» атанса, «Ал­маты» телеарнасының ойын­шысы Нұрлан Ақынбеков «Ең үздік шабуылшы», «Ке­нен-1» командасының ардагер қақпашысы Мұрат Кененов «Ең үздік қақпашы» болып танылды. Жарыста белсенді ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар да құралақан қайтпай, мақтау грамоталарын иеленді.


Журналистер үшін осындай дүбірлі додалардың мәні ерекше. Ақпарат айдынында жүрген қаламгерлер бір-бірімен араласып, шер тарқасатын орындардың көп болғаны жақсы ғой. Әрі саламатты өмір салты дәріптеліп, спортқа, соның ішінде футболға деген сүйс­пеншілік артуда. Турнирді ұйымдастырушы Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, С.Бердіқұлов сыйлы­ғының лауреаты, мерейтой иесінің баласы Ақын Орда­байұлының мақсаты да осы.


Турнир аяқталғанда бұлт қоюланып, ақ жауын жауа бастағанын көңілді күймен тарап бара жатқан көпшілік нұрға балап, жақсылыққа ырымдап жатты.

 

 

Авторы: Қуаныш Бажақ

13.06.2019 ж.

Ақпарат көзі: pr-hal.kz

 



352

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler