қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
03.06.2019

 

Құрметті әріптестер мен студенттер!


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті үшін 2018/2019 оқу жылы өте жемісті жыл болды. Әлемдік және ұлттық рейтингтердегі жетістіктерімізді атап өткім келеді.

 

- Мәселен, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті QS World University Rankings рейтингіндегі қазақстандық жетекші университеттердің көшбасшылар қатарында. 2018 жылдың 6 маусымында QS World University Ranking-2019 рейтингі жарияланды. Рейтинг нәтижесіне сәйкес, біздің университет әлемдегі 800 ең үздік университеттер қатарына еніп, өткен жылғы көрсеткішті 10 позицияға көтеріп, #481 орынды иеленді. Біз рейтингіде ұсынылған республиканың 51 жоғары оқу орындарының арасында үздік бестіктер қатарына кірдік, ал педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында біз 1-ші орынды иелендік.

 

- 2019 жылдың қаңтарында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Laboratorio de Internet (Edition 2019.1.0) зерттеу зертханасының веб-сайтында жарияланған «Webometrics Ranking of World Universities» (Әлемдік университеттердің веб-сайттар рейтингісі) жаңа рейтингісінің қорытындысы бойынша 122 қазақстандық ЖОО арасында 4-ші (!) орынға ие болды. Қазақстанның педагогикалық жоғары оқу орындарының арасында Абай атындағы ҚазҰПУ сайты 1-ші орынды иеленді!

 

2018 жылдың қаңтарында «Webometrics» веб-сайттар рейтингісінде ҚазҰПУ-дың ресми сайты әлем бойынша 8686-шы, Қазақстанның жоғары оқу орындарының арасында 15-ші орынға ие болған.

 

- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті еліміздің TOP-20 жоғары оқу орындарының бас рейтингісіне кіріп, 5-ші орынды иеленді.

 

- 2019 жылы 23 мамырда Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік (IQAA-Ranking) сайтында ағымдағы жылдағы еліміздің үздік жоғары оқу орындары рейтингісінің нәтижелерін жариялады.Институционалдық рейтинг нәтижесінде Абай атындағы ҚазҰПУ педагогикалық ЖОО арасында 1-ші орынды иеленіп, «Сарапшылардың репутациялық бағалауы бойынша көшбасшы» және «Жұмыс берушілердің репутациялық бағалауы бойынша көшбасшы» номинациялары бойынша көшбасшы атанды.

 

- Сонымен қатар, БСҚТА рейтингтің бағалау көрсеткіштері бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының 2019 жылға арналған веб-сайттарының рейтингісін ұсынды. Рейтинг нәтижесіне сәйкес университетіміздің ресми сайты еліміздің 116 жоғары оқу орындары арасында 5-ші орынды, ал педагогикалық жоғары оқу орындарының санатында 1-ші орынды иеленді.     


2018 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ сайты он үздік университеттік сайттар қатарына еніп, 9-шы орынды иеленген болатын (салыстыру: 2016 жылы - 26-шы орында, 2014 жылы -20-шы орында, 2013 жылы - 25-орында болды).

 

- Біздің университеттің 55 білім беру бағдарламалары халықаралық мамандандырылған аккредитацияден өтті.

 

- «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығында сертификаттау аудитінен өтіп, 2018 жылдың 3 шілдесінде ҚазҰПУ-ға «Русский Регистр» сертификаттары берілді: 1. МС ИСО 9001: 2015 талаптарына сәйкестік сертификаты 03.03.2018 ж. № 18.0790.026; 2. IQNet PP МС ISO 9001:2015 РР сертификаты 03.22.2018 ж. №18.0790.026.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру саласында маңызды жетістікке қол жеткізіп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының арасында беделін және танымалдығын арттыруда. Қазіргі таңда университетіміз білім беру мен зерттеу саласындағы танымал инновациялық орталық, мамандықтардың кең спектрі, жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы, заманауи индустриалды технологиялар, инновациялық бағдарламалар, жетекші шетелдік университеттермен қосдипломды бағдарламалары бар, іргелі ғылымның қарқынды дамуына ие, халықаралық білім және ғылым қоғамдастығына енген заманауи білім беру ұйымы.

 

Мұндай жоғары қарқын біздің ортақ жеңісіміз! Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымын лайықты табыстарымен құттықтаймын. Университеттің қызметкерлеріне зор шығармашылық жетістіктер, батыл жобалар және жаңа бастамалар, әлемдік және ұлттық рейтингте өз позицияларын жоғарылатуын тілеймін.

 

 

Құрметпен,

Такир Балықбаев,

Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры

 

 



315

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler