қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
29.05.2019

Шетелдік студенттерге дайындық курстарын бітіргендіктері туралы куәлік берілді

 

2019 жылдың 29 мамырында Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық (Foundation) факультетінің шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар кафедрасында шетелдік студенттерге дайындық курстарын бітіргендіктері туралы куәліктерді салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

 

ҚХР, Конго Республикасы, Мадагаскар Республикасы және Нигерия Федеративті Республикасынан келген дайындық топтарының тыңдаушылары кешенді емтиханды («Қазақ тілі/Орыс тілі», «Елтану», «Әдеби оқылым») сәтті тапсырды.


Емтихан комиссиясының төрағасы, профессор Сәуле Бегалиева студенттердің қазақ және орыс тілдерінде табысты қарым-қатынас жасау үшін қажетті білім, дағдылар мен қабілеттерге ие екендігін атап өтті.

 

Студенттер ұстаздарына алғыс білдіріп, Хариминосон Зо Нирина Миаринтсоа (Мадагаскар) мен Киангала Маий Корин (Конго) музыкалық сәлем жолдады.

 

Шетелдік азаматтарға арналған тіл топтарының тыңдаушыларының көпшілігі оқуларын әрмен қарай Абай атындағы ҚазҰПУ-да жалғастырғылары келетіндіктерін айтты.

 

   

 

   

 

   

 

Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation)



359

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler