қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
21.05.2019

Оқу-әдістемелік бірлестігінің мәжілісі

 

  

 

2019 жылдың 17 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ҚР БҒМ РОӘК «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігінің «Тәжірибеге бағытталған оқыту контексіндегі білім беру бағдарламаларының мазмұны» тақырыбындағы мәжілісі өтті.

 

Мәжіліске Алматы қаласы Білім басқармасының өкілдері, ҚР ЖОО өкілдері қатысты және болашақ кәсіби құзыреттілікті қалыптастырудың негізінде білім беру бағдарламаларын жобалау, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде жаратылыстану пәндерін оқытудың сапасын арттыру, дуалды оқыту элементтерінің білім беру процесіне енгізілуі, сонымен қатар кәсіби практиканы жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу мәселелері қарастырылды.

 

Мәжілісті Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев ашты. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, білім беру бағдарламаларын жобалау департаментінің директоры Адиля Байдильдина, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценттері Шолпан Карбаева, Есенгелді Тұяқов, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессоры Гүлназ Салғараева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқу және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректоры Бибігүл Әбенова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің кәсіби даму және мансап орталығының жетекшісі Ертлеуова Бақтыгүл сөз сөйледі. Жұмыс беруші ретінде нақты ұсыныстарымен Алматы қаласы Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің бөлім меңгерушісі Әкімжан Сайлыбаев баяндама жасады. РОӘК ОӘБ мәжілісіне қатысушылар күн тәртібіне қатысты мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   



206

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler