қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
15.05.2019

«Startup Bolashak: Менің арманым» стартап-жобалар байқауы

 

2019 жылдың 10-12 мамыр аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Алматы қаласының «Startup Bolashak: Менін Арманым» байқауы 4-ші маусымының іріктеу кезеңі өтті.

 

Іріктеу кезеңін ұйымдастырушы универсиеттер: Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және AlmaU.

 

Байқау мақсаты - еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінде алдыңғы қатарлы білім мен озық технологияларды қолдануға, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жас кәсіпкерлердің әлеуметтік маңызды бизнес бастамаларын қолдау. Байқауға 16-29 жас аралығындағы жас кәсіпкерлер қатысты.

 

Байқау аясында қатысушылар тренингтерден өтіп, өз жобаларын қорғады. Тәлімгерлер ширек финалға жолдама алған қатысушыларды таңдады.

 

Тренингтерді «Startup Bolashak: Менің арманым» байқауының облыстық үйлестірушісі, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің стартап академиясының жетекшісі Әсел Шетиева өткізді.

 

Алматыда тіркелген жобалар саны - 59, олардың ішінде 13 жоба ширек финалға шықты. Атап айтқанда, ҚазҰПУ-1, ҚазҰУ - 3, ҚазҰҚПУ - 1, ХАТУ - 1, ҚазҰЗТУ - 1, Азаматтық авиация академиясы - 1, ҚБТУ - 1, № 92 лицей - 1, №148 гимназия - 1, жеке тұлғалар - 2.

 

Ширек финал. Бұл кезеңде іріктеуден өткен үміткерлер Шымкент қалаласына шақырту алды. Олар үшін дайындық тренгинтері жүргізіледі. Ширек финалға дейін қатысушылар прототип дайындауы қажет. Қорғау барысында әділ-қазылар алқасымен таңдап алыған 150 жоба бейнеролик түрінде онлайн іріктеуден өтеді. Онлайн іріктеу нәтижесінде 32 қатысушы телевизиялық ойындарға қатысу үшін таңдалып алынады.

 

Жартылай финал. Бұл кезеңде іріктеліп алынған 32 жоба байқаудың телевизиялық түсіріліміне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына шақыртылады. Қатысушылар үшін көпшілік алдында сөйлеу мәнері мен презентация әзірлеу бойынша тренингтермен, телевизиялық түсірілмге дайындық басталады. 16 қатысушы іріктеліп алынады.

 

Финал. Жартылай финалға өткен 16 үміткер Нұр-Сұлтан қаласында телестудияда өтетін телевизиялық ойындарға қатысады. Ең мықты 4 жоба байқаудың супер финалына өтіп, бірінші орынға бақ сынасады.

 

Суперфинал. Байқаудың 4 финалисті жобаларын таныстырады. Төртінші маусымының жеңімпазы анықталады.

 

Ментор (тәлімгерлер) және әділ-қазылар алқасы ретінде шақырылған тұлғалар:

1. Синергия университетінің президенті - Бауржан Қасымбергебаев.

2. SHEBERBUILD құрылыс компаниясының басшысы, «Болашақ» қауымдастығының мүшесі, Қазақстан Республикасының қалалық жоспарлаушылар одағының мүшесі -Ералы Сауранбаев.

3. Бизнес-тренер, бухгалтер ісінің експерті, AlmaU аға оқытушы- Рустем Абдуллин.

4. «Болашақ» бағдарламасының түлегі (Уорвик университетінің халықаралық саяси экономия магистрі), Changellenge (Changlingen) компаниясының бас директоры, «Кач» білім беру стартапының негізін қалаушысының бірі - АлишерСадыков.

5. Hostelworld 2018 рейтингісі бойынша Қазақстандағы ең жақсы хостел аталған Almaty Hostel Dom негізін қалаушы - Шакир Исламбакиев.

6. balmuzdak.net және grants.kz сайттарының негізін қалаушы, Salem Social Media компаниясының SMM менеджері - Алмас Төлеубаев.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   



83

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler