қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
24.04.2019

М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранттары ғылыми тағылымдамадан өтті

 

2019 жылдың 8-24 сәуір аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих және құқық институтында «6М011400-Тарих» және «6М020300-Тарих» мамандықтары бойынша М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінен Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 11 магистрант ғылыми тағылымдамадан өтті.


2019 жылдың 8 сәуір күні Магистранттар Тарих және құқық институтының директоры, профессор Болат Жұмагұловпен және аға оқытушы Мұхтар Мұратқазинмен кездесіп, кафедралар жұмысымен және он күндік ғылыми тағылымдама бағдарламасымен танысты. Кітапханамен, мұрағат қорымен жұмыс жасауды үйренді.


Ғылыми тағылымдама барысында Тарих және құқық институтының білікті мамандары - РҺD докторанты Камшат Рүстемнің «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында енгізілген өзгерістер, критериалды бағалаудың артықшылықтары» және «Қазақстанда цензура жүйесінің қалыптасу тарихы», доцент Бауыржан Жангуттиннің «Digital History жобасы, тарихтың көпшілікке арналған (public) және ғылыми (science) түрлері арасындағы айырмашылықты білу», профессор Ханзада Сутееваның «1917 жылдан бергі Қазақстан тарихының Ресей тарихнамасы», профессор Мереке Түлекованың «Аймақтық демографиялық мәселелер» тақырыптарындағы дәрістерін тыңдап, білім нәрімен сусындады.


Тағылымдамаға келгендер Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының, Ғылым Ордасының кітапханаларының кітап қорларымен, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты және Қазақстан Республикасы Президенті мұрағатының құжаттарымен жұмыс жасай отырып, диссертациялық тақырыпқа қатысты деректерге қол жеткізді.


Ғылыми тағылымдаманың он күндік қорытындысы бойынша тағылымдамадан өткен магистранттарға университетіміздің Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева арнайы сертификаттар табыстады.


Тағылымдамадан өтуде оқу тәжірибелерінің шыңдалуына зор үлес қосқан тарихы терең Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институтының ұжымына, ғылыми тағылымдаманы ұйымдастырушыларға М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «6М011400 -Тарих» және «6М020300-Ғылыми тарих» мамандығының магистранттары өз тараптарынан аса зор ықыласпен алғыстарын білдірді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Тарих және құқық институты



858

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler