қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
23.04.2019

Қазақстан - Франция: Қауіпсіздік форумы болып өтті

 


 

Жақында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институты мен Қазақстандағы Франция Республикасы елшілігі «Novotel» қонақ үйінде «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мемлекет пен қоғам рөлі» тақырыбында II қазақ-француз форумы өтті. Форум жұмысына ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Қоры және Францияның сыртқы сауда кеңесшілері, Франция Қазақстан Сауда-Өнеркәсіп палатасы айрықша қолдау көрсеткенін айта кетуіміз керек.

 

Халықаралық форум жұмысына ректор Такир Балықбаев, ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми, Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және өкілетті Елшісі Филипп Мартинэ, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы қорының атқарушы директорының орынбасары Игорь Рогов, Франция Республикасының Бас консулы Алексис Шахтахтинский, Қоғамдық өмірдің транспаренттігін қамтамасыз етуші Жоғары органның Бас хатшысы Лиза Ламгани, Париж қаласы прокурорының орынбасары, терроризмге қарсы күрес саласының маманы Беатрис Бругер сынды мәртебелі меймандар қатысты.

 

Алқалы басқосудың ашылуында ректор Такир Балықбаев «Қауіпсіздікті қамтамасыз ету: мемлекет пен қоғам рөлі» форумның мақсатымен таныстырып, талқыланатын тақырыптардың өзектілігі мен оны шешудегі басымдықтарды атап өтті.

 

- Бүгінгі пікір алмасу алаңында біз заңның және қауіпсіздік жүйесінің ережелері, дипломатияның ұлттық мүдделерін ілгерілету, жаңа қауіпсіздік факторы ретінде цифрландыру, білім, денсаулық және қауіпсіздік, экономикалық, қаржылық қауіпсіздік және жаһандану жағдайындағы бизнес тақырыптарындағы өзекті мәселелерді талқылаудамыз. Біз күш-жігерімізді біріктіре отырып, осы мәселелердің шешімін тауып, тәжірибе алмасуға тиіспіз, - деді оқу орын басшысы.

 

Форум аясында Сорбонна Университеті (Париж 13 Университеті) басшылығымен «Денсаулық сақтау жүйесіндегі менеджмент», «Фискалдық құқық» саласындағы мамандарды даярлау бойынша маңызды меморандумдарға қол қою рәсімі өтті. Іс-шарада Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Сорбонна-Қазақстан институтының үздік түлектеріне INALCO президенті (Сорбонна университеті) атынан дипломдар табыс етілді.

 

Халықаралық форум екі ел тарапынан талқыланған ауқымды мәселелер бойынша сындарлы пікір мен тәжірбие алмасу алаңына айналып, өте мазмұнды және нәтижелі өтті.

 

 

Авторы: Римма Жанбаева

23.04.2019 ж.

Ақпарат көзі: dalanews.kz

 



626

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler