қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
18.04.2019

ҚазҰПУ ректоры «Махмұд Қашқаридың 1000 жылдығы» медалімен марапатталды

 


 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев «Махмұд Қашқари» қоры төрағасының орынбасары Агаджафар Гасаналимен, Қазақстандағы Әзербайжан Республикасы Елшілігінің өкілі Рамиль Рзаевпен кездесті. Кездесуге Қазақстан күрдтері қауымдастығының төрағасы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Князь Мирзоев қатысты. Кездесу барысында Агаджафар Гасанали «Махмұд Қашқари» қорының қызметі туралы әңгімеледі.

 

- Қор 14 жыл бұрын Әзербайжан астанасында, түркі әлемінің танымал тұлғаларының бастамасымен Баку қаласында құрылды. Қордың негізгі мақсаты түркі халықтарының тарихы мен мәдениетін біріктіру, тарихи-мәдени байланыстар призмасы арқылы мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамыту болып табылады, - деді.

 

Сондай-ақ, Агаджафар Гасанали педагогикалық, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымын дамытуда, Қазақстандағы білім беру саласының дамуына қосқан орасан зор үлесі мен Қазақстанның тұңғыш универси­тетінің ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау­дағы, оқу орнын халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру­дегі табыстылығы үшін Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаевқа «Махмұд Қашқаридың 1000 жылдығы» медалін табыс етті.

 

Махмұд Қашқаридың медалімен Түркияның экс-пре­зиденті Сүлейман Демирел, Қордың құрметті президенті, Әзербайжан Ғылым академиясының вице-президенті Иса Габит Бейли және т.б. беделді тұлғалар марапатталған еді.

 

Қазақстандағы Әзербайжан Елшілігінің өкілі Рамиль Рзаев өз елінің атынан ҚазҰПУ ректорын құттықтап, еңбек жолында табыс тіледі. Ол сондай-ақ, кездесудің білім және ғылым саласындағы екі мемлекеттің ортақ құндылықтарын нығайтудағы маңыздылығын атап өтті.

 

 Авторы: Рая Ескендір

18.04.2019 ж.

Ақпарат көзі: almaty-akshamy.kz

 



213

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler