қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Бақбергенова Роза Қожабайқызы

Бақбергенова Роза Қожабайқызы

Бақбергенова Роза Қожабайқызы. М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық училищесін 1982 жылы, Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтын 1988 жылы бітірген. 1991-1994 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген. Жалпы педагогикалық стажы - 35 жыл.
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Құрмет грамотасы (2011, 2014), "Үздік тәлімгер" (2012), Абай атындағы ҚазҰПУ-дың "Үздік Ұстаз" төсбелгісінің иегері.
Ғылыми жұмысының негізгі бағыты: қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы, оның ішінде түркі тілдеріне ортақ фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер, қазақ тілін шетелдік студенттерге оқытудың инновациялық технологиясы, сөз мәдениеті және интерактивті қатысым мәселелері. Шетелдік тіл үйренушілерге қазақ тілін меңгерту әдістемесі.
Аталмыш ғылыми мәселелерге байланысты жақын және алыс шетелдерде (Анкара 1999, Стамбул 2000, Ташкент 2007, Қытай Халық Республикасы 2011, 2012, 2013; Түркия Республикасы (2014, 2015, 2016) Халықаралық Құрылтай конференцияларда баяндама жасады. Ғылыми мақалалары шетелде - Франция, Түркия Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресейде жарық көрген. "Қазақша-түрікше" сөздігін құрастырушы және Түркия Республикасында "Әлем өркениеті: түркі тілдерінің тарихы, тілі мен әдебиеті" ғылыми жобасының авторы.
2012-2013 жылдары Қытай Халық Республикасы Іле педагогикалық университеті жанындағы Абай Орталығының Координаторы қызметіне сайланды.

 


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler