қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Сейталиева Қарлығаш Орынқызы

Сейталиева Қарлығаш Орынқызы

Сейталиева Қарлығаш Орынқызы - 1966 жылы 25 тамызда Атырау қаласында дүниеге келген. Сейталиева Қарлығаш Орынқызы 1991 жылы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Атырау педагогикалық университетінің филология факультетінде оқытушылықтан бастаған. 1994-97 жылдар аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология факультетінің аспирантурасында оқыған.1997 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология факультетінің аға оқытушылық қызметін атқарады.
Жалпы еңбек өтілімі-33 жыл. Жоғары оқу орнында 26 жыл. Бірнеше халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға қатысып, республикалық ғылыми -практикалық басылымдарда жалпы саны - 40 мақала жариялады.
Қ.О.Сейталиева көп жылдан бері топ тәлімгері,эдвайзер ретінде студенттерге тәлім - тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып, сапалы білім мен саналы тәрбиені шебер ұштастыра білетін ұстаздардың бірі. 2015 жылы «Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берудегі еңбегі үшін» Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрмет грамотасымен марапатталған. 2016 жылы ҚазҰПУ -дың «Үздік тәрбие жетекшісі» медалімен марапатталған.
Университет, институт, кафедрасының оқу-тәрбие, қоғамдық, жұмыстарына белсене араласатын ұстаздардың бірі.
Қ.О. Сейталиева студенттермен және мектеп оқушыларымен тығыз байланыста жан-жақты жұмыс істейді. Алматы қаласы бойынша бірнеше мектеп оқушысының ғылыми жобасының жетекшісі.
Жыл сайын өтетін «Үздік лингвист» Республикалық зияткерлік олимпиадасына филология мамандығының студенттерін дайындап, жетекшілік етеді (2015 ж. 2 орын, 2016 ж. 3-орын, 2017ж 1- орынды иеленді).
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде 2016 жылы 14-15 сәуірінде (5В020500-Филология: қазақ тілі филологиясы» бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен өткен VIII Республикалық пәндік олимпиадаға 3 студентті қатыстырып, жетекшілік қызмет етті.Үздік жоба номинациясын иеленді.
Қазақстан Респудикасының кіші ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен Республикалық оқушылардың ғылыми практикалық (2013, 2014, 2015, 2016 ж) конференцияларында әділ қазылар мүшесі болды.
Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым Академиясы Алматы облыстық филиалы ұйымдастырған облыстық ғылыми-практикалық (2014, 2015, 2016 ж.) конференцияларда (Есік қаласы, Есік гуманитарлық-экономикалық колледжі) әділ қазы мүшесі болды.
Астана қаласында ҚР кіші ғылым академиясының ұйымдастыруымен «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша жыл сайын өтетін Республикалық форумның ауызша командалық олимпиадасында әділ қазы мүшесі болды ( 2014, 2015, 2016 жыл).
Институт кеңесінің мүшесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.Институттағы «Нұр Отан» партиясының ұяшығының төрағасы.Институт бойынша кәсіподақ ұяшығының төрағасы. Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің және Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында №363 учаскелік сайлау комиссиясында мүше болды (2016 ж. 20 наурыз).
О.Қ. Сейталиева ұжыммен қарым-қатынасы жақсы. Өзіне тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарайтын ұстаз.
Әл-фараби атындағы ҚазҰУ-дың алғыс хаты (2015, 2016, 2017 ж.ж.) Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің алғыс хаты (2016 ж.) Алматы «Парасат» кәсіподағының алғыс хатымен (2016 ж.) марапатталды.


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler