қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
12.04.2019

Польшадағы Наурыз

 

2019 жылдың сәуір айында «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс магистранттары Слупск қ. (Польша) Помор Академиясында қысқа мерзімді ғылыми тағылымдамадан өтті. Магистранттар сол Академияда визит профессор ретінде дәріс өткізіп жүрген филология ғылымдарының докторы, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Манаткүл Мұсатаеваның жетекшілігімен Наурыз мейрамын өткізді.


Іс-шараға Помор академиясының ректоры, профессор Збигнев Осадовский, проректор, профессор Данута Герчинский, Неофилология институтының директоры, профессор Грэжина Лисовска, орыс филологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Галина Нефагаина, кафедра оқытушылары және студенттер қатысты. Іс-шараның мақсаты поляк әріптестерін және студенттерді қазақтың жекелеген дәстүрімен (шашу, бата және т.б.) және ұлттық тағамдармен таныстыру болды.


Кездесу жылы да жайлы достастық жағдайында өтті, шараға қатысушылар наурыз мейрамында ұсынылған тағамның дәмін татып, бірге ән айтып, көңіл көтерді. Қазақ әндері поляк әндерімен алмастырылды. Достық жеңді деуге болады: сайыс орыс халқының әндерімен аяқталды. Іс-шараның жоғары деңгейде өткендігін Академия веб-сайтында пайда болған таңертеңгі оқиғалар туралы ақпараттар топтамасынан көруге болады.

 

   

 

   

 

  

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы



134

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler