қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
18.05.2015

Ұстаздың жартығасырлық еңбегі еленді


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Көптілді білім беру институтының ұйымдастыруымен, бүкіл Қазақстан және алыс жақын шетелдерге белгілі ғалым филология ғылымдарының докторы, профессор ағылшын тілінің маманы Т.Т.Аяпованың ұстаздық еңбегіне 50 жыл толуына арналған «Тілдердің көп мәдениеті- кеңістікте дамуының заманауи үрдісі әлемдік біртұтас білім беру қауымдастығына енудің жолы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел болып өтті. Осы шараға университетіміздің ректоры, профессор С.Ж.Пірәлиев, ҚР ҰҒА академигі К.Нәрібаев, Сүлеймен Демирель университетінің профессоры Davis Brent, сонымен қатар университетіміздің бір топ басшылары мен профессор-оқытушылары және студент-жастары қатысты. Дөңгелек үстелді ф.ғ.д., профессор Ж.А.Абуов жүргізіп отырды. Мәжілісте алғаш сөз алған университетіміздің ректоры, профессор С.Ж.Пірәлиев Таңат Тәңірбердіқызы Аяпованы қажырлы еңбегімен университетіміздің абыройын биіктетіп жүргенін тілге тиек етіп, әлі де талай жетістіктерге жеткізетініне сенімді екенін білдірді. Осындай мағыналы құттықтау сөзден кейін сөз алған Кәсіби шетел тілі коммуникациясы және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент К.З.Абылбекқызы баяндама жасады. Баяндамашы Т.Т.Аяпованың еңбек жолына тоқталып, 50 жылдық ғылыми-педагогикалық қызметіне талдау жасады. Т.Т.Аяпованың еңбекқорлығы мен ізденімпаздығының арқасында осындай мәртебеге ие болып отырғанын, осы жеткен жетістікпен тоқтап қалмай әлі де шығармашылық іздену үстінде жүргені қайсар қазақ қыздарының жалғасы екенін білдіреді деді ,-ол. Баяндамадан кейін ҚР ҰҒА академигі К.Нәрібаев, Сүлеймен Демирель университетінің профессоры Davis Brent, Назарбаев университетінен келген ф.ғ.д., профессор З.С.Төлекова, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі п.ғ.д, профессор Ф.Ш.Оразбаева және тағы басқа конақтар Т.Т.Аяпованы бүгінгі мерекесімен құттықтап игі тілектерін арнады. Университетіміздің ректоры, профессор С.Ж.Пірәлиев Т.Т.Аяпованы «Айрықша еңбегі үшін» Абай алтын медалімен марапаттап, иғына қамзол жапты. Осындай марапаттар мен құттықтаулар иесі профессор Т.Т.Аяпова өзінің еңбегін ескерген әріптестеріне алғысын білдірді.



724

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler