қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Асқарова Гауһар Сарыбайқызы

Асқарова Гауһар Сарыбайқызы

 

Аты-жөні, тегі

Асқарова Гауһар Сарыбайқызы

Туған жылы

8 наурыз 1974  жыл

Білімі

1991-1995 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының филология факультетінде оқып, «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мұғалімі мамандығын алған.

1996-2000 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасында оқыған.

Ғылыми дәрежесі және атағы

Филология ғылымдарының кандидаты                               15.10.2005 ж. Хаттама №13.

 

1995-1996  жж. Қызылорда обл., Қармақшы ауданы, ІІІ -интернационал колхозының №108 мектепте қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі;

1996-1998 жж. А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында  аға лаборант, кіші ғылыми қызметкері;

1998-2002 жылдар аралығында ҚР ҒМ ғылыми зерттеу институтында аудармашы, іс-қағаздарын жүргізуші;

2002 жылдан осы кезеңге дейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқытушы қызметін атқарып келеді.

Ғылыми бағыттары:

 

 «Түркі халықтары әдебиетінің тарихы», «Шығыс әдебиетінің тарихы», «Түркі әдебиеті поэтикасын зерттеудің негізгі аспектілері», «Түркі халықтары фольклоры мен әдебиетінің типологиясы», «Шығыс  әдебиеті және қазақ әдеби байланысы».

Жариялымдары:

Ежелгі дәуір әдебиетін, мәдениетін зерттеуші А.Қыраубаеваның еңбектерін жинап, бес томдық шығармаларын құрастырып, баспаға ұсынушы авторлардың құрамында.  - Алматы: Өнер, 2008-2012 жж.

«Рабғузи қиссасының көне нұсқасы» атты оқу құралының  авторы. 2009. - Алматы, Полиграфия - Сервис К0 2009. - 312 б.

«Түркі халықтарының әдебиеті» атты оқу құралының  «Өзбек әдебиеті», «Қырғыз әдебиеті» тарауларын жазған және  студенттерге арналған қосымша бөліміндегі СӨОЖ, СӨЖ, тест сұрақтары мен жауаптарын құрастырушы. - Алматы: Арыс, 2009. - 314 б.

«Тәуелсіз Қазақстанның жаңа әдебиеті  (ХХ ғ. 90-жылдары және ХХІ ғ. бас кезі)» атты  ұжымдық монографияның құрамында. - 298 б. - Алматы, 2011.

Серік Мақпырұлы. Библиограф.көрсеткіш. Өмірі мен шығармашылығы (Құрастырып, баспаға ұсынушы авторлардың құрамында) - 33 б.- Алматы,  2013.

«Шығыс Азия әдебиеті».  Жауапты шығарушылар құрамында. Студенттердің ғылыми мақалаларында алғаш рет Оңтүстік Шығыс Азия елдері әдебиеттерінің жанрлары тарихи-мәдени ортада, әдеби үдеріс аясында қарастырылған. - Алматы, 2014.

 

2002 жылдардан осы уақытқа дейін   Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметін атқарып келеді.

Қоғамдық жұмыс

Оқытушы профессорлар құрамының  ғылыми зерттеу жұмыстарына жауапты (ҒЗЖ).

Байланыс телефоны

 8707469 4593, gauhar_8@mail.ru


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler