қазақша · русский · english
 
 
   Главная / Есіркепова Гүлмира Ербатырқызы

Есіркепова Гүлмира Ербатырқызы

 

Білімі Абай атындағы Қазақ мемлекеттік университеті (қазіргі қазақ ұлттық педагогикалық университеті) филология факультеті, қазақ бөлімі. 1992-1996 жылдар аралығында «Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын аяқтады . (үздік диплом)
Ғылыми дәрежесі мен атағы Г.Е.Есіркепова 2002 жылы Абай атындағы АлмМУ-дың мамандандырылған кеңесінде 10.01.02 мамандығы бойынша " Қазақ поэзиясына шығыс классикалық әдебиеті дәстүрінің ықпалы "(ХVIII-ХIХғ.ғ жәнеХХ ғ. бас кезі) тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1. Филология ғылымдарының кандидаты (2002жылы 27 қарашамен хаттама N47)
2. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті(2012 жылы 24 сәуір хаттама N10)
Осы ұйымдағы жұмыс мерзімі:
- 2000 - 2002ж - баспаханада 1-ші санаттағы редактор қызметін атқардым;
- 2004-2009 ж. - осы уақыт аралығында - қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы;
-2009-2012ж- филология факультеті деканның оқу ісі жөніндегі орынбасары
-2012-2015ж- қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
1.09.2015ж- қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
20.03.2017ж- Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
Ғылым саласында мамандар даярлау бойынша Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандарын даярлау
Жарияланымдары, ғылыми еңбектері
Қазақ поэзиясына шығыс классикалық әдебиеті дәстүрінің ықпалы "(ХVIII-ХIХғ.ғ жәнеХХ ғ. бас кезі. Монография . Алматы,2008
Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн (Библиографиялық көрсеткіш) Құрастырушылар : Жұмажанова Т, Алимжанова Г, Есіркепова Г, Көпбаева Ж. Алматы 2015ж
М. Фраги өмірі мен шығармашылығын оқыту (Оқу - әдістемелік құрал) Құрастырушылар : Жұмажанова Т, Алимжанова Г, Есіркепова Г -Алматы.Абай атындағы ҚазҰПУ,Ұлағат баспсы.2016ж. 106 бет.
«М.Фраги өмірі мен шығармашылығын оқыту .Электронды оқулық, Құрастырушылар : Жұмажанова Т, Алимжанова Г, Есіркепова Г Алматы,2017 ж.
Мемлекеттік қаржыландырылған жобаларға қатысуы:
«Түркі әлемінің өкілдерін таныту» ҚР БжҒМ жобасы, 2015-2017 ж;
ҚР БжҒМ гранттық қаржыландырған «Түркі әлемін танытуда жоғары және жалпы орта білім беретін оқу орындарының әдебиет бағдарламасына енген Ж.Баласағұн, М.Қашқари, М.Фраги, Ш.Айтматов, т.б. шығармалары бойынша заманауи электронды оқулықтар дайындаудың ғылыми-әдістемелік негіздері» атты ғылыми жоба мүшесі болды.
Қай кезеңнен бастап кафедрада қызмет етесіз
- 2004 жылдан бастап қазақ әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы
Марапаттары мен сыйлықтары:
-ҚР БҒМ құрмет грамотасы (2012);
Байланыс: 87052631080 , 87077631080
gulmira_esirkepova@mail.ru


← Кері оралу

 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler