қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
20.03.2019

Цукуба университетінің делегациясымен кездесу

 

  

 

2019 жылдың 18 наурызында Педагогика және психология институтының «Жалпы және қолданбалы психология» кафедрасы мен Халықаралық ынтымақтастық департаменті «Жапония мен Қазақстанның ЖОО-да психологиялық-педагогикалық кадрларды даярлаудағы инновациялық тәсілдер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

 

Дөңгелек үстелді өткізуге Цукуба университітінің өкілдері: профессор Ходака Фужии, доцент Куаныш Тастанбекова, доцент Юсюке Эндо, кіші ғылыми қызметкер Рей Танака, докторант Иа Ён Янг, Чика Ебата, Масаки Такано және магистрант Хидеми Хираока және Линда Юн, сонымен қатар, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының өкілдері іс-шараға өз үлестерін қосты.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты Қазақстан, Жапония және басқа елдердегі психологиялық-педагогикалық білім берудің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылау, халықаралық тәжірибе алмасу болды.

 

Іс-шара барысында мұғалімдерді оқыту, «Психология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларын дамыту, қазіргі Германиядағы адамгершілік тәрбиесі, Камбоджада бастауыш мектептегі кәсіптік білім беру және халықаралық бакалавриат бағдарламасы бойынша оқыту мәселелері талқыланды.

 

Халықаралық іс-шараның қорытындысы бойынша білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы ұсыныстар жасалды.

 

Делегация Абай атындағы ҚазҰПУ-ға төрт күндік іс-сапарға келді. Делегацияның іс-сапары барысында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының және №27 «Ақбұлақ» балабақшасының, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстаздарымен кездесу ұйымдастырып, дөңгелек үстел өткізу жұмыстарын жоспарлады.

 

   

 

   

 

Халықаралық ынтымақтастық департаменті



278

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler