қазақша · русский · english
 
 
  Негізгі бет / Жаңалықтар
18.03.2019

Жұмадағы жүздесу қызықты өтті!

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Мансап» және «Smart studendts» орталықтарының ұйымдастыруымен «Жұмадағы жүздесу» жобасы жалғасын табуда.


Өткен жұмада «Жұмадағы жүздесу» жобасының қонағы ҚазҰПУ-дың Педагогика және психология институтының директоры педагогика ғылымдарының докторы, профессор Берікжан Әлмұхамбетов болды.


Кездесу барысында руханилықтың іргелі қағидалары, ерте жастан бастап тәрбиелеу туралы жүрекке әңгіме болды. Берікжан Айткұлұлы жастарға өздерінің студенттік күндеріндегі қызықты оқиғаларымен бөлісіп, жастардың мүдделері,рухани жетіспеушілік және оны қалай болдырмау керектігі туралы өз пікірлерімен бөлісті. Іс-шараға қатысушылар тыңдап, полемикаға кіріп, өмірден мысалдар келтірді, ең бастысы, бәрі бір мәнді қорытындыға келді: руханилық адамның ең жоғары құндылықтарының бірі. Жұмадағы жүздесу жобасын ұйымдастырушылары үлкен жоспарларға ие және іс-шараның өзі қызықты әрі ақпаратқа бай.

 

   

 

   

 

   



133

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler