қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
06.03.2019

«Цифрлық университет: педагогикалық білімнің халықаралық жаһандануы»

 

1-2 наурызда В.П. Астафьев атындағы Краснояр мемлекеттік педагогикалық университетінде (Ресей) «Цифрлық университет: педагогикалық білімнің халықаралық жаһандануы» тақырыбында халықаралық ресей-қазақстандық ғылыми семинар өтті.

 

Екі күндік семинарға В.П. Астафьев атындағы КМПУ ректоры Валерий Ковалевский (Ресей), Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры Такир Балықбаев, Математика, физика және информатика институтының «Информатика және ақпараттандыру» кафедрасының меңгерушісі Есен Бидайбеков және осы кафедраның өкілдері, РҒА Сібір бөлімшесінің Есептеу технологиялары институтының директоры Владимир Садовский (Новосибирск), Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетінің Математика, информатика және жаратылыстану ғылымдары институтының директоры Сергей Григорьев және ММПУ-дың «Білім беруді ақпараттандыру» кафедрасының меңгерушісі Вадим Гриншкун, В.П. Астафьев атындағы КМПУ басшылығы мен АҚШ өкілдері қатысты.

 

Семинар барысында білім беруді цифрландыру саласындағы Ресей, Қазақстан және АҚШ-тан келген жетекші сарапшылар, зерттеушілер, оқытушылар, студенттер, жоғары оқу орындарының аспиранттары ақпараттық қоғамның мәселелері мен перспективалары тұрғысынан жоғары білім берудің өзекті мәселелерін талқылады.

 

Халықаралық семинар Атомдық аймақтың ақпараттық орталығының мәжіліс залында өткен пленарлық мәжілістен (пленарлық баяндамалардың презентациялық материалдары) басталды. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар «Білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының доценттері Дмитрий Романов пен Юлия Николаева ұйымдастырған білім және білім беру технологияларын ақпараттандыру мәселелері бойынша Халықаралық ғылыми зертханаға экскурсия жасады.

 

Семинар секциялық есептер блогымен жалғасты, онда кәсіптік білім берудегі ақпараттық технологияларды қолдану саласындағы зерттеушілер өздерінің ағымдағы жұмыс нәтижелерін және үрдістерін ұсынды. Кездесуді В.П. Астафиев атындағы КМПУ-дың «Білім берудегі информатика және ақпараттық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі Николай Пак басқарды.

 

Екінші күні «Жоғарғы білім беруді цифрландырудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Семинарға қатысқан сарапшылардың барлығы цифрлық университет алдында тұрған қазіргі заманғы бағыттар мен міндеттер туралы өз пікірлерін білдіріп, өзара ынтымақтастық негізде әрекеттесу бағыттарын анықтап, ынтымақтастықтың болашақ перспективаларын белгіледі.

 

Семинардың нәтижесі бойынша шешім қабылданды. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға алғысын білдірді.

 

   

 

   

 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім



463

Кері оралу

 
 
 
 
Besucherzahler
 
Besucherzahler